14.09.2018, 21:55 5365

Ақтөбеде "7-20-25" бағдарламасы аясында алғашқы жарна екі есеге азаймақ

Меморандумға сәйкес, Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаныӊ жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд. теӊге бөледі.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы "7-20-25" бағдарламасыныӊ аясында "Жас арман" және "Қамқор баспана" өнімдеріне қосылды.

Бүгін Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды. Осылайша, жас отбасылар мен Ақтөбе облысыныӊ бюджеттік сала қызметкерлері "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтер құныныӊ 10 пайызын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Меморандумға сәйкес, Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаныӊ жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд. теӊге бөледі.

"Ақтөбе облысыныӊ әкімі мен "Нұр Отан" партиясына бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Облыс қарқынды дамып келеді және "7-20-25" бағдарламасына қатысушылардыӊ саны бойынша көшбасшылардыӊ бірі. Қазіргі уақытта біз "Нұр Отан" партиясымен бірлесе отырып, еліміздіӊ басқа өӊірлерінде де осы бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков.

Естеріӊізге сала кетейік, Ақтөбе "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы азайған екінші аймақ болып отыр. Бұған дейін Шымкент қаласында "Жас Арман" және "Қамқор Баспана" өнімдері пилот ретінде іске қосылған еді.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы Сыртқы байланыстар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны