14.12.2018, 17:46 4287

Ақтөбеде "АKTOBE INVEST 2018" VI халықаралық инвестициялық форумы өтті

Оған әлемніӊ 23 елінен шақырылған 400-ден астам қонақ қатысты. Олардыӊ қатарында ҚР Үкіметініӊ және квазимемлекеттік секторлардыӊ, халықаралық қаржы институттарыныӊ сондай - ақ, Ресей, Түркия, Қытай, Нидерланды, Словакия, Изірбайжан, Армения және Литва мемлекеттерініӊ өкілдері мен Италияныӊ Қазақстандағы елшісі бар.

Ақтөбе. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "АKTOBE INVEST 2018" VI халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Ауқымды іс шараныӊ ұйымдастырушысы - Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі. Форум бизнес өкілдерін өӊірдіӊ инвестициялық мүмкіндіктері туралы кеӊінен ақпараттандыру мақсатында өткізілді.

Форум аясында қонақтар "Ақтөбе" индустриялық аймағына барып, бірқатар ірі жобалардыӊ қызметімен танысты. Атап айтқанда, инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы қауіпсіз қаптамаларды шығаратын "Талан технолоджи" ЖШС-не барды. Ірі тау-кен және мұнай өндіретін, логистикалық компаниялардыӊ тарихи қалыптасқан және жаӊадан құрылған қалдықтары шикізат көздері болып табылады. Жобалық қуаттылығы - жылына 72 мыӊ шаршы метр плиталар мен 4,7 мыӊ тонна қайта өӊделген шиналар шығарады. Инвестиция сомасы 1 млрд теӊгені құрап, қырық жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар италяндық технологияны пайдаланып, керамограниттен жасалған бұйымдар мен керамикалық плиталардыӊ өндірісіне 9,2 млрд.теӊге инвестициялап, соған сәйкес 180 жұмыс орнын құрған "Зерде Керамика Ақтөбе" ЖШС-ін қарап шықты. Ал, "Поливест" ЖШС Қазақстан нарығына полиэтилен пакеттерін жеткізеді.

Айта кетейік, Ақтөбеде VI халықаралық инвестициялық форум өтті. Оған әлемніӊ 23 елінен шақырылған 400-ден астам қонақ қатысты. Олардыӊ қатарында ҚР Үкіметініӊ және квазимемлекеттік секторлардыӊ, халықаралық қаржы институттарыныӊ сондай - ақ, Ресей, Түркия, Қытай, Нидерланды, Словакия, Изірбайжан, Армения және Литва мемлекеттерініӊ өкілдері мен Италияныӊ Қазақстандағы елшісі бар.

Форум шеӊберінде отызға жуық ірі жоба таныстырылатын көрме өтті. "Сенім. Өсу. Даму" атты негізгі пленарлық отырыста Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті инвесторлар, жаӊа жобалардыӊ бастамашылары және мемлекеттік органдардыӊ, трансұлттық компаниялардыӊ өкілдері мен сарапшылар облыстыӊ индустриялық-инновациялық дамуы саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, форум аясында панельдік сессиялар да ұйымдастырылды, онда қатысушылар тәжірибе мен білім алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны