15.10.2018, 14:37 5273

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа қызмет көрсеткен отандық жедел жәрдем станцияларына 22,4 млрд теӊге төледі

Биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеӊберіндежедел жәрдем станцияларымен 31,5 млрд теӊгеніӊ келісімшарты бекітілген болатын. 1 қазанға дейін көрсетілген соманыӊ 71 пайызы төленіп болды.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа қызмет көрсеткен отандық жедел жәрдем станцияларына 22,4 млрд теӊге төледі.

Биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеӊберіндежедел жәрдем станцияларымен 31,5 млрд теӊгеніӊ келісімшарты бекітілген болатын. 1 қазанға дейін көрсетілген соманыӊ 71 пайызы төленіп болды.

Атап айтар болсақ, Қор Батыс Қазақстан облысындағы "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК-мен 953,4 млн теӊгеге келісімшарт бекіткен. 2018 жылы 1 қазанға дейін аталған ұйымға 806 млн теӊге аударылды (жалпы соманыӊ 84,5 пайызы). Оныӊ ішінде әдетте ұсталып қалатын аванс та бар.

"Көрсетілген қызмет ақысы бекітілген келісім талаптарына сай: қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талабы бойынша, тиісті мерзімде төленеді. Жұмысшыларға жалақыны дер кезінде төлеу мәселесі - әрбір жедел жәрдем ұйымыныӊ ішкі ісі және басшылық пен меншік иесініӊ құзыретіндегі шаруа", - деді МСҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Естеріӊізге сала кетсек, биыл Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүйесін реформалауға кіріскен болатын. Аталған реформа бойынша жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртулар жергілікті емханаларға беріледі. Нәтижесінде қаржылық және өзге де ресурстар емханалар мен жедел жәрдем станциялары арасында қайта бөліске түседі. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем станцияларыныӊ меншік иесі болып табылатын аймақтық денсаулық сақтау басқармаларыныӊ өтініші бойынша жедел жәрдем қызметініӊ тарифтерін көтеріп, жылдық бюджетті бөлу схемасын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Қаражат биылғы жылдан бастап бөліне бастамақ.

Қазіргі таӊда Денсаулық сақтау министрлігі аталған шешімдерді заӊдастырып жатыр. Қосымша қаражат барлық нормативтік-құқықтық актілер өкілетті орган тарапынан бекітілгеннен кейін бөлінетін болады.

"Медициналық сақтандыру қоры жағдай реттелгенше авансты ұстамай, қаржыны толық төлеу туралы шешім қабылдады" - дедіБ.Жақселекова.

Қор тегін медициналық көмек пакетініӊ операторы ретінде тиісті шешімдер қабылданғанға дейін медициналық қызметтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша сатып алуды жалғастырады. Сонымен қатар, Қор медицина ұйымдарыныӊ ішкі қаржылық мәселелеріне, соныӊ ішінде жалақы мәселесіне араласа алмайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны