07.08.2018, 17:13 7959

Алматы Индустриялық аймағында 41 жоба жүзеге асырылады

Индустриялық аймақта құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ, машина жасау және жеӊіл өнеркәсіп салалары бойынша отандық ірі және шетелдік 41 жоба жүзеге асуда. Олардыӊ жалпы құны 155 миллиард теӊгені құрайды. Ал 2019 жылы тағы 12 компания іске қосылатын болса, 24-ініӊ жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы Индустриялық аймағында жыл аяғына дейін 9 компания іске қосылады. Қазір олардыӊ құрылысы қарқынды түрде жүруде. Жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібіне бағытталған. Осы жылы іске қосылатын өндіріс ошақтарыныӊ қатарында шетелдік инвесторлардыӊ да жобалары бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы Индустриялық аймағында жуырда ресейлік компания жоғары кернеулі кабель өнімін шығаратын өндірісті іске қоспақ. Одан бөлек, құрылыс материалдарын өӊдеп шығаратын, сондай-ақ, тамақ өнеркәсіптері бар. Жалпы, бүгінгі таӊда 9 кәсіпорын өз жер телімдерін игеруді бастап, жыл аяғына дейін жұмысын бастайды.

"Қазіргі жоспарымызда "Энко" энергетикалық компаниясы бар. Оныӊ іске қосылуын күтіп отырмыз. Ол -жылу алмастыру жүйелері саласына қажетті инженерлік жүйені өӊдеп шығаратын компания. Содан кейін өзімізде скотч, пленка өӊдеп шығаратын "KazTigerTape" компаниясы тұр. Сонымен қатар, автоклафты газды бетон шығаратын компанияны да атап өтуге болады.Басқа да бірқатар компанияны осы жылы іске қосамыз деген жоспарымыз бар", - деді "Алматы индустриалдық аймағы" ЖШС-ніӊ бас директоры Мұхтар Тұрабеков.

Бүгінгі күні 4 компания кәсібін дөӊгелетіп отыр. Индустриялық аймаққа газ, су, жарық және темір жол желісі жүргізілген. Аталмыш инфрақұрылымдық жұмыстарға бюджеттен 27 миллиард тенгеден аса қаражат бөлініпті.

"Бізде екі қосалқы станция бар. Жалпы, олар 80 Мегаватт энергия береді. Аймақтағы кәсіпорындар қыс мезгілінде бір айда сағатына 7 миллион киловатт тұтынады. Мәселен, кейбір өндіріс орындары қыста 9 сағатына еӊ көп, 9 мегаватт пайдаланса, енді бірі 1 мегаваттқа дейін тұтынуы мүмкін", - деді "Алматы индустриалдық аймағы" ЖШС-ніӊ бас энергетигі Андрей Павленко.

Алматы Индустриялық аймағында арнайы теміржолдар салынған. Оныӊ жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды. Осы арқылы кәсіпорындар тауарды жеткізумен қатар, дайын өнімдерді тасымалдай алады. Осыған байланысты арнайы тұйық жолдардыӊ құрылысы жүргізілуде.

Индустриялық аймақта құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ, машина жасау және жеӊіл өнеркәсіп салалары бойынша отандық ірі және шетелдік 41 жоба жүзеге асуда. Олардыӊ жалпы құны 155 миллиард теӊгені құрайды. Ал 2019 жылы тағы 12 компания іске қосылатын болса, 24-ініӊ жобалау жұмыстары жүргізілуде.

"Жалпы Индустриялық аймақты игеру жұмыстары өте қарқынды жүруде. Небәрі екі жылдыӊ ішінде осындай көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз. Талап, сұраныс үлкен. Енді ол жұмыстарды тиісті деӊгейде атқаруға тиіспіз. Қазіргі таӊда 4 кәсіпорын іске қосылған. Шамамен, 600-700 жұмыс орны құрылған", - деді "Алматы индустриялық аймағы" ЖШС-ніӊ бас директоры Мұхтар Тұрабеков.

Алматы Индустриалды аймақ аумағы 490 гектарды құрайды. Оныӊ ішіндегі 270 гектары жобаларға арналған. Бүгінгі таӊда аталмыш аймақ аумағында 82 гектар бос жер бар. Яғни, әлі де инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі мол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны