21.02.2018, 12:56 9281

Алматы Индустриялық аймағыныӊ аумағында 70 гектар бос жер телімі бар

Қазір Алматы Индустриялық аймағыныӊ аумағында 70 гектар бос жер телімі бар. Ал 200 гектардан астам жер телімі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне бөлініп берілді

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Индустриялық аймақ аумағында өзініӊ өндірістерін іске қосқан алматылық үш кәсіпорын толығымен пайдалануға енгізілді және қаланыӊ өнімге деген қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. Қазір алматылықтар "DOC Co.LTD" ЖШС жергілікті өндірісініӊ картридждерін, "Almapack Co.LTD" ЖШС қоспаларға арналған қағаз қаптарын, "BRB APK" жылыжай кешенініӊ жасаӊ көкөністерін сатып алып отыр. Кәсіпорындар іске қосылған сәттен бастап, 3,2 млрд. теӊгеге өнім өндірді, қала бюджетіне 107 млн. теӊге төлем салды және 252 жаӊа жұмыс орындарын құрды. Қазір іске қосылған 3 нысан мен 2018 жылдыӊ соӊына дейін 12 жобаны қосымша енгізу нәтижесінде, салық мөлшері 1 млрд. теӊгеден асады.

"Индустриялық аймақты дамыту әкімдік жұмысыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Өнеркәсіп аймағын дамыту бойынша ауқымды жұмыс өзініӊ нәтижелерін беріп отыр. Мысалы, ағымдағы жылы инфрақұрылым құрылысын 62%-ға, ал 2019 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол уақытқа қарай біз жұмысы аяқталған жобаларды ескере отырып, 22 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті өнеркәсіп кәсіпорындары қызметініӊ мониторингі бөлімініӊ басшысы Рүстем Ворошилов.

Сөз кезегінде айта кетейік, 2016 жылы Алматы Индустриялық аймағы инфрақұрылыммен 25%-ға, ал 2017 жылы - 40%-ға қамтамасыз етілген болатын.

Бизнесті жүргізудіӊ тиімді жағдайлары мен инфрақұрылымныӊ іс жүзінде толық дайындығы шетелдік және қазақстандық инвесторлар тараптарыныӊ Алматы Индустриялық аймағына деген үлкен қызығушылығын тудырады. Өткен жылы өтініштердіӊ саны 2016 жылмен салыстырғанда, 3 есеге артты. Инвесторларды Кәсіпкерлікті қолдау картасыныӊ көмегімен рұқсат қағаздарын ресімдеу және алу бойынша әкімшілік кедергілердіӊ төмендетілгені қызықтырады. Бұдан басқа, барлық осындай кәсіпорындар Алматы Индустриялық аймағыныӊ бір кластерлік секторында орналасқан. Сондай-ақ, қала әкімі Б.Байбектіӊ тапсырмасы бойынша "Индустриялық аймақ" ЖШС жұмыс тобы және басқарушы компаниясы құрылды, оныӊ міндеті жобаны іске асыруды жеделдетуде инвесторларды сүйемелдеу және оларға барынша көмек көрсету бойынша әрбір инвестормен нақты жұмыс жүргізу. Қазір Алматы Индустриялық аймағыныӊ аумағында 70 гектар бос жер телімі бар. Ал 200 гектардан астам жер телімі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне бөлініп берілді.

Алматы Индустриялық аймағыныӊ аумағында өнеркәсіп өндірістерін орналастыру үшін әлеуетті резиденттер +7 (727) 272-24-01, +7 (727) 272-24-09 телефон нөмірлері немесе Республика алаӊы, 4, кабинеттер 232, 234 мекенжайы бойынша өтініш жасай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны