19.05.2017, 10:17 7195

Алматы қаласындағы "Фермерлік базарға" ауылшаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу бағаны 15-20%-ға төмендетуге мүмкіндік берді

Алматы қаласына ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен "Фермерлік базарға" жеткізілетін фермерлік өнімдердіӊ тікелей жеткізілімдері тауардыӊ бағасын 15-20%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласына ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен "Фермерлік базарға" жеткізілетін фермерлік өнімдердіӊ тікелей жеткізілімдері тауардыӊ бағасын 15-20%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Сапалы өнімдерді төмендетілген бағамен сатудыӊ жаӊа жобасы туралы Иуезов ауданында өткен Инвестициялық форум барысында "Гранд Парк" сауда ойын-сауық кешенініӊ директоры Ғабит Бейсенбаев айтып берді. Спикердіӊ айтуынша, мұндай нәтижелерге өндірушіден тұтынушыға жеткізетін делдалдар тізбегін болдырмау арқылы қол жеткізілді. Барлық ет, балық, жеміс-көкөніс, сүт өнімдерін тікелей фермерлердіӊ өздері жеткізеді. Қазіргі уақытта, жақын орналасқан облыстардыӊ ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен 30 шарт жасалды, жылдыӊ соӊына дейін бұл көрсеткіш 250-ге дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ, Ғабит Бейсенбаев 3500 жұмыс орындары құрыла отырып, онда аяқ киім гипермаркеті орналастырылатын, Қазақстандағы еӊ ірі киім орталығыныӊ ашылғаны туралы айтып берді. Орталық иесініӊ айтуынша, тауар әлемніӊ 2 500 фабрикасынан ұсынылатын болады. Жобаны іске асыру 1000-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, форум барысында Lamoda.kz интернет-дүкенініӊ бас директоры Никита Окулов электрондық коммерциядағы 2017 жылдыӊ қызықты трендтері туралы айтып берді. Ол көптеген компаниялардыӊ офлайн саласынан онлайн саласына өтулерін жалғастырып жатқанын атап өтті. Қазақстандағы электрондық коммерция нарығындағы тағы да бір тренд - бұл маркетплейстіӊ ашылуы.

"Өткен жылы біз LamodaMarket сервисін іске қостық, енді сауданыӊ басқа да сатушылары мен ойыншылары біздіӊ сауда алаӊын пайдалана алады және өзініӊ тауарын сатуға қоя алады, біз өз тарапымыздан барлық қажетті қолдау мен талдамаларды ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, жеткізілімді де ұйымдастырамыз. Мен бұны дұрыс және маӊызды қадам деп есептеймін. АҚШ және Еуропа нарықтары бізге маркетплейстіӊ онлайн-сатылым саласындағы негізгі трендтердіӊ бірі екенін әлдеқашаннан бері айтып келеді", - деп атап өтті спикер.

Жалпы алғанда, аудан экономикасы сауда-саттық және қызмет көрсету саласы түрінде ұсынылған. 2016 жылы ауданда: "GrandParkAlmaty" СО, "Almatymall" СО, "Москва" СОО нысандары, "Прайм-Плаза" СО "Алма" сауда желісі, "Керемет", "Хан-Тенгри", "Голд Қазына" мейрамхана кешендері, "MCRada" медицина орталығы, "Авто Сити", "Макдональдс" секілді нысандар енгізілді. Ағымдағы жылы "GrandParkAlmaty" кешені екінші кезегініӊ құрылысын салу жоспарланып отыр, салынған инвестицияныӊ жалпы саны 25 млрд. теӊгені құрайды.

2017 жылғы ауданда "OBI" әлемдік стандартты құрылыс материалдарыныӊ, жабдықтар мен құралдардыӊ жаӊа неміс гипермаркеті ашылады. 200 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, инвестиция сомасы 5 млрд. теӊгені құрайды.

Сондай-ақ, ауданда 18 өнеркәсіп кәсіпорны орналасқан. 2016 жыл ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары 85,3 млрд. теӊгеге өнім өндірді, бөлшек сауда айналымыныӊ көлемі 303,3 млрд. теӊгені құрады,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны