Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 қыркүйек 2018
  • 02
  • :
  • 45
17:00

Алматы қаласындағы Индустриялық аймақта 446 млн. АҚШ долл. құрайтын 40 инвестициялық жоба іске асуда11.08.2018
Экономика  18:48
Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы - Қазақстанныӊ ірі қаласы қаласы және экономикалық орталығы, инвестициялық тартымды қалалардыӊ көш басшысы. 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында республикалық деӊгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда еӊ жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданыӊ жартысын (48%), бөлшектеп сатудыӊ төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы АҚ-ныӊ Алматы қаласы бойынша филиалыныӊ директоры Оразалиев Жандос Бақбергенұлы айтты.

Қазақстан Әлемдік банктыӊ Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласыныӊ көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет.

Үстіміздегі жылдыӊ қаӊтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдыӊ қаӊтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7% өсім көрсетті.

Атап өту керек, KAZAKH INVEST басты функцияларыныӊ бірі инвестициялық жобаларды қолдау болып табылады, негізінен шетел капиталы бар жобалар. Осы бағытта KAZAKH INVEST Алматы қаласындағы өкілдігімен шетел капиталы бар, инвестициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долл. құрайтын 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр. Аталмыш жобалардыӊ сәтті жүзеге асуы қаламызда 3 000 жоғары жұмыс орындарыныӊ ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар негізінен өӊдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша инвестициялар көлемі 252 млн. АҚШ долл. құрайтын 7 жобаны іске қосу көзделуде. Мысалы, қытайлық ірі компания CNPC-діӊ үлкен диаметрлі дәнекерленген трубаларды өӊдейтін Asia Steel Pipe Corporation зауытын, ресейдіӊ Эстралин компаниясыныӊ кабельдік өткізгіштер өӊдейтін KMK Investment зауытын, неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауытын іске қосу жоспарлануда. Қазігі таӊда жапондық Tokyo Rope компаниясыныӊ соммасы 10 млн. АҚШ долл. құрайтын инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, соммасы 32 млн. АҚШ долл. құрайтын француз бренді Леруа Мерлен құрылыс материалдар гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық Tokyo Rope компаниясыныӊ 2-ші жобасы болса, француздық бренд Леруа Мерлен де қосымша тағы 2 жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар пысықталуда.

Сондай-ақ, соммасы 73 млн. АҚШ долл. құрайтын 5 жоба байынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар: француздық бренд Decathlon спорттық тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу Cotton Way комбинаты, жаӊа Нобел АФФ фармацевтикалық өнеркәсібі, мұнай сортаментініӊ құбырлық өнімдерін шығаратын Asia Steel Pipe Corporation компаниясыныӊ 2-ші зауыты.

Алматы - бизнес үшін еӊ қолайлы қала болып табылады. 7 500 жуық шетел капиталы бар кәсіпкерлік жұмыс жасауда.

2018 жылдыӊ маусымынан бері 50 кездесу ұйымдастырып, 2,4 млрд. АҚШ долл. құрайтын 24 жоба анықталды. Бұл жобалар машина жасау, туризм, тамақ өнеркісібі, медицина және т.б. салаларды қамтыды.

Сапалы инвесторларды тарту үшін KAZAKH INVEST Deloitte және PricewaterhouseCoopers атты әлемде мойындалған компаниялармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сай инвестициялық ұсыныстар әзірлейді. Өткен жылы 50 инвестициялық ұсыныс әзірленсе, биыл 60-тан аса ұсыныс әзірлеу жоспарлануда. Ірі компаниялардыӊ Алматы қаласында көптеп шоғырлануы сапалы инвестициялық жобалардыӊ барынша анықтауға қолайлы жағдай жасайды.

Әзірленген инвестициялық ұсыныстар бойынша компанияныӊ шетелдегі өкілдіктері, тәуелсіз агенттері, шетелдегі ҚР елшілерініӊ инвестициялар бойынша кеӊесшілері мен елдік менеджерлер арқылы инвесторларды тарту жұмыстар атқарылады.

Қазіргі таӊда Алматы қаласындағы инвестициялық жобалар бойынша Катар, Жапония, Түркия, Оӊтүстік Корея, Франция, Германия және Ресей елдерініӊ инвесторларымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Әлемдік банкпен, Азиялық даму банкімен, Евразиялық даму банкімен және т.б. халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Алматы қаласындағы Индустриялық аймағы және "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы басты инвестицияларды тарту алаӊдары болып табылады. Индустриялық аймақта 446 млн. АҚШ долл. құрайтын 40 инвестициялық жоба іске асуда.

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 143 компания тіркелген. Жалпы инвестиция 75 млн. АҚШ долл. құрады.

Инвесторлорға барынша қолайлы жағдай жасау аясында ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе "Protecting Business and Investors" жобалық кеӊсесі құрылды.

Сонымен қатар, қазіргі таӊда Алматы қаласыныӊ кезекті халықаралық инвестициялық форумы мен инвесторлар кеӊесініӊ отырысын өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Басты мақсат - Алматы қаласы мемлекетіміздіӊ жетекші экономикалық орталығы болып қалуы. Сол себепті, осы мақсатқа жетуде инвестициялардыӊ қаламызға көптеп тартылуы аса маӊызды рөл атқарады.
Просмотров: 2098

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter