19.01.2018, 18:01 9552

Алматы кәсіпкерлері жаӊа жол белгілері мен велосипедке арналған жолақ шығынға ұшыратуда деп шағымдануда

Алматы кәсіпкерлерініӊ айтуынша жаӊа жол белгілері мен велосипедке арналған жолақ шығынға ұшырауға себеп болып отыр

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына бизнесмендер қаланыӊ құрылымдық көркін жаӊғыртудан зардап шегіп отырмыз деп шағымданды.

Қала тұрғындарына 1969 жылдан бері таныс болған "Восход" сауда үйініӊ директоры Юрий Ковтун бүгінде дүкен бірте-бірте шығынға ұштырап отырғанына шағымданды. Сауда жағы өте төмен. Соӊғы 3 айда жалға алушылардыӊ 17% бас тартқан.

"Мәселеніӊ барлығы біздіӊ ғимараттыӊ жанына велосипед жолағы жасалғаннан басталды. Көлік қоятын орын жоқ. Клиенттердіӊ келуі күрт төмендеді. Біз әкімдіктен жолдыӊ арғы бетінен еӊ болмағанда ақылы автотұрақ жасауға өтініш білдірдік. Бірақ келіспеді. Біз қаланыӊ абаттандырылуына қарсы емеспіз. Бірақ бізде қанша адам велосипед тебеді?!" - деп шағымданды Юрий Ковтун.

"Корея" кафесініӊ иесі Нелли Нигай "тоқтауға болмайды" белгісініӊ кесірінен дәмханаға келушілер саны азайғанын, тіпті ғимаратты сата да алмай отырғанын жасырмады. Табыс 30%-ға төмендеген. Қызметкерлердіӊ жартысы жұмыстан шығарылды. Ал "Мақпал" республикалық сән орталығыныӊ жетекшісі Базиля Ибілмановадан бірінші топтағы мүгедек қызметкер жұмыстан шыққан, себебі оныӊ жұмысқа қатынауы қиындаған.

Кәсіпкерлер палатасына осындай мәселемен бизнестіӊ 95 субектісі шағымданды. Мәселе Кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғау кеӊесіне шығарылды, жиынға зардап шекккендер де шақыртылды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органныӊ өкілдері де келді. Шағымданған кәсіпкерлердіӊ алдында Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Икімшілік полиция басқармасыныӊ басшысы Жандолла Шайхиевке жауап беруге тура келді.

"Алматыда 530 мыӊ көлік құралы бар. Сонымен қатар сырттан келушілер, әсіресе облыстан қатынайтындар бар. Автокөліктер - ауа ластануыныӊ басты себепкері. Кәсіпкерлерді де түсінеміз. Автотұрақ жобасымен біз айналыспаймыз. Бізге тек келісуге алып келеді. Егер сәйкес келмесе, көлік құралдарыныӊ тұрағына рұқсат бере алмаймыз. Егер қандайда бір ұйым автотұраққа қатысты нақты ұсыныс алып келсе, біз барып көреміз. Бастысы ұсынылған нұсқа жол қозғалысыныӊ басқа да қатысушыларына кедергі келтірмеуі тиіс", - деп ой бөлісті Жандола Шайхиев.

Кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғау кеӊесініӊ мүшелері жалпы алғанда қала тұрғындары абаттандыруды қолдайтындығын атап өтті. Алайда Алматы - шағын және орта бизнестіӊ қаласы. Мұнда ірі кәсіпорындар жоқ. Кәсіпкерлер төлейтін салық қала бюджетініӊ негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан абаттандыруға қатысты шараларды бизнеспен келісу керек, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны