22.05.2018, 11:22 5108

Алматы маӊында қазіргі заманғы "KAZAKH-BEEF" зауытыныӊ құрылысы басталды

Астана экономикалық форумында қол қойылған жол карталары мен меморандумдарды іске асыру шеӊберінде итальяндық "Cremonini Group" компаниясы қазіргі заманғы "KAZAKH-BEEF" зауытыныӊ құрылысын бастады.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумында қол қойылған жол карталары мен меморандумдарды іске асыру шеӊберінде итальяндық "Cremonini Group" компаниясы қазіргі заманғы "KAZAKH-BEEF" зауытыныӊ құрылысын бастады.

Ет комбинатыныӊ күнделікті қуаттылығы 700 бас малды союға арналып, етті өӊдеу, дайын ет өнімдерін өндіру және мүйіз, тұяқ, терісін қайта өӊдеудіӊ толық технологиялық циклын жүзеге асыратын болады. Жобаныӊ жалпы құны 15 млрд. теӊгеге жуық.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімдігімен жалпы көлемі 60 гектарды құрайтын жер телімін берілді.

Осы өӊірде зауыт құрылысыныӊ салынуы қолайлы климаттық жағдайлардыӊ негізінде, сондай-ақ ірі қара мал етініӊ өнімділік бағытына байланысты таӊдап алынды (барлық етті бағыттағы ІҚМ басыныӊ 16% құрайды).

Бордақылау алаӊыныӊ малды сойғанға дейінгі көлемі бір уақытта 10 мыӊ бас мал болса, ет комбинатыныӊ қуаты: жылына 25 мыӊ тонна сиыр еті. Аталған кәсіпорын өнімдерініӊ 70% ҚХР мен Ресей сияқты ірі елдердіӊ нарығына шығарылады.

Қазіргі уақытта облыстыӊ шаруа қожалықтары мен бордақылау алаӊдары ет комбинаттарын қажетті өніммен қамтамасыз етуге дайын.

Қолайлы инвестициялық климатты құру еліміздіӊ аграрлық секторыныӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті. 2017 жылы мал шаруашылығы саласына салынған инвестициялардыӊ көлемі 154,1 млрд. теӊгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 6,9% артық.

Қазіргі уақытта "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындау және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу бойынша "Lactalis", Cedar Meats Australia, "Golden Camel Group", "CITIC" сияқты әлемдік ірі компаниялар тартылуда.

Анықтама: "Cremonini Group" Еуропадағы еӊ маӊызды азық-түлік өндірісімен айналысатын топтардыӊ бірі болып табылады және үш бизнес бағытта жұмыс жасайды: өндіріс, тарату және тамақтандырумен айналысады. Аталған компания ірі қара мал еті мен ет өнімдерін ("Иналка ДжиБиЭс" және "Монтана"), сондай-ақ азық-түлік өнімдерін қоғамдық тамақтандыру компанияларына ("MAРP") таратуды ұйымдастыру бойынша көшбасшы болып табылады. Топ поездарда, вокзалдарда, аэропорттар мен автомобиль жолдарында орналасқан қоғамдық тамақтану желісінде концессияға ие. Компания "Steakhouse" (Roadhouse Grill) желісі бар қоғамдық тамақтандыру объектілерініӊ қатарына кіреді.

Өндіріс саласында халықаралық қызмет көрсету Еуропа, Ресей және африкалық елдерде (Ангола, Конго деморкратиялық Республикасы, Конго Республикасы, Алжир, нигерия) жүзеге асырылады. Борттық пойыздарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруда компания Франция, Испания, Ұлыбритания және Бельгиядағы филиалдарымен бірге Еуропадағы абсолютті көшбасшы болып табылады, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны