11.10.2018, 13:51 4675

Алматы облысы 7-20-25 бойынша бастапқы жарнаны азайту мақсатында 2 млрд теӊге бөлді

Сондай-ақ Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов өӊірде "7-20-25" бағдарламасы үшін 500 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Талдықорған. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет Басшысы Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына "7-20-25" тұрғын үй сертификаттарын бере бастайды. Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов пен "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд теӊге көлемінде әлеуметтік көмек алады.

"Алматы облысыныӊ әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздіӊ қалалары мен облыстарында тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын уақтылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов өӊірде "7-20-25" бағдарламасы үшін 500 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Естеріӊізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында "Баспана" Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теӊге бөлген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны