29.03.2017, 23:17 4926

Алматы облысы әкімі ҚХР өкілдерімен өнеркәсіп саласына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кездесу барысында Достық - Алашанькоу халықаралық темір жол шекара өткелі маӊын дамыту, еларалық сауданы жандандыру, туристік нысандар мен оларға қажетті инфрақұрылымды дамыту туралы кеӊінен сөз болды.

Талдықорған. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімдігінде әкім Амандық Баталов ҚХР-ныӊ Алматы қаласындағы Бас консулдығыныӊ сауда жөніндегі консулы Лю Хун Юэмен, "Beijing Longhua Yang Guang Investment Co.Ltd" компаниясыныӊ, "Лунюань Жетісу" және КүнҚуат" ЖШС-ныӊ өкілдерімен кездесті.

Кездесуде өӊірдіӊ өнеркәсіп саласына инвестиция тарту мәселесі сөз болды.

Облыс әкімі А. Баталов инвестиция тарту Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердіӊ бірі екенін атап өтті:

- Біздіӊ басты мақсатымыз - жаӊа жұмыс орындарын ашуға, салықтық базаны ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаӊа кәсіпорындар ашу. Бұл өӊіріміздіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкін серпін береді деп ойлаймын, - деді.

Сонымен қатар бүгін облыс әкімі А. Баталов ҚХР ШҰАА Боротола-Моӊғол автономиялы облысыныӊ губернаторы Бадымала бастаған облыс делегациясымен де жүздесті. Кездесу барысында Достық - Алашанькоу халықаралық темір жол шекара өткелі маӊын дамыту, еларалық сауданы жандандыру, туристік нысандар мен оларға қажетті инфрақұрылымды дамыту туралы кеӊінен сөз болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны