24.04.2017, 19:58 4276

Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердіӊ кеӊейтілген жәрмеӊкесі Алматыда өтеді

Жәрмеӊкеге Алматы облысыныӊ үш қаласы (Талдықорған,Капшағай, Текелі) мен 16 аудандары өз өнімдерін қояды.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 29 сәуірінде Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердіӊ кеӊейтілген жәрмеӊкесі өтеді.

Қала тұрғындары Алматы облысы ауылшаруашылық және өндіріс орындары өндірушілерініӊ сапалы тауарларын қолжетімді баға бойынша тікелей сатып алады.

Жәрмеӊкеге Алматы облысыныӊ үш қаласы (Талдықорған,Капшағай, Текелі) мен 16 аудандары өз өнімдерін қояды. "Жетісу" ИКК -да жәрмеӊкеге қатысады. Жалпы ұсынылатын өнім көлемі - 170 тонна.

Уақыты: сағат 08:00.

Орны: .Алматы, Төле би көшесі, "Астана" алаӊы.

Жәрмеӊке барысында Төле би көшесініӊ бұрылысы Абылай хан даӊғылынан Панфилов көшесіне дейін, сонымен қатар Панфилов көшесініӊ бұрылысынан Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін көлік қозғалысын шектеу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны