16.04.2018, 14:10 4483

Алматы облысы бойынша болжамдалатын МЖИ жобаларыныӊ портфелі құны 211,8 млрд теӊге болатын 29 жобаны құрап отыр

Жалпы 2016-2019 жылдары Алматы облысында жалпы сомасы 220,5 млрд теӊге болатын 41 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Қазіргі таӊда оныӊ ішінде құны 8,7 млрд теӊге болатын 12 жоба жүзеге асырылды. Жобалардыӊ басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен білім беру саласына байланысты.

Талдықорған. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖИ) саласына енгізілген өзгертулер бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықовтыӊ айтуынша, "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы" Заӊында мақұлданған өзгертулер мен толықтырулар МЖИ жобаларын жоспарлаудыӊ бірқатар үрдістерін оӊтайландырған.

Мысалы, МЖИ жобаларын жоспарлау үрдісініӊ мерзімі 5 кезеӊнен 3 кезеӊге дейін қысқарған. Яғни, инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу, конкурсты өткізу мен келісім-шартты әзірлеу кезеӊдері қарастырылған.

Осылайша жобаныӊ тұжырымдамасы мен келісім-шарт жобасын сараптамадан өткізу қажеттілігі алынып тасталынды. Егер бұрын МЖИ жобаларын дайындауға жартыжылдан астам уақыт кететін болса, қазір бұл мерзім 3 айға дейін қысқарды және тұжырымдаманыӊ орнына бизнес-жоспар әзірленеді.

Қосымша сараптамалар жүргізу болмайды. Себебі, "Бағдарламалық МЖИ" енгізілген соӊ жеке серіктесті таӊдау үрдісін стандартталған МЖИ жобалары бойынша жеӊілдетілген формада толтыруға болады.

Заӊныӊ тағы бір айтулы жаӊалығы - МЖИ бойынша тауар, қызмет пен қызмет көрсетуді пайдалануға берілетін 3 жылдан кем емес кепілдік мерзімі туралы бөлім заӊға енді.

Сонымен бірге ұзақмерзімді мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша кепілдік үшін МЖИ жобаларын міндетті қазынашылық тіркеуден өткізуге бағытталған әлеуетті жеке әріптестер тізілімін әзірлеуді алынып тастайтын түзету енгізілді. Жобаларды іске асыру барысында валюталық қауіп-қатерді реттеу механизмдері жетілдірілді.

Бұл өзгертулердіӊ барлығы мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестіктіӊ дамытуына тыӊ серпін береді, дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасыныӊ басшысы Нариман Ибілшайықов.

Жалпы 2016-2019 жылдары Алматы облысында жалпы сомасы 220,5 млрд теӊге болатын 41 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Қазіргі таӊда оныӊ ішінде құны 8,7 млрд теӊге болатын 12 жоба жүзеге асырылды. Жобалардыӊ басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен білім беру саласына байланысты.

Өткен жылы құны 6,6 млрд теӊге болатын 4 жоба іске асырылды. МЖИ бойынша Қарасай ауданыныӊ Қаскелеӊ қаласында медициналық лаборатория ашылды, сенімді басқаруға автотранспорт шаруашылығы, блок-модульді қосалқы станциялар құрылысы мен іске қосу, медициналық мамандар мен жедел жәрдем жүргізушілерінніӊ кәсіби біліктілігін арттыру мен процесстерді автоматтандыру берілді, медициналық ақпараттық жүйе кешені құрастырылды, және Қарасай ауданында 150 орынға балалар бақшасы салынды.

"2017 жылы біздіӊ сүйемелдеуімізбен екі жоба қолдау тапты. Қарасай ауданында "Олимп" лабораториясы ашылды. Қазіргі таӊда Текелі қаласындағы қоғамдық бассейнніӊ аумағын модернизациялау мен көріктендіру жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таӊда аудан және қала әкімдіктеріне стандартталған және мүмкіндіктері зор МЖИ бойынша 7 жоба ұсынылды", - дейді Нариман Ибілшайықов.

Жалпы, Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан көшені жарықтандыруды жүйесін жаӊғырту бойынша жобаларға кәсіпкерлерді тарту жұмысары жалғасуда.

Жалпы Алматы облысы бойынша болжамдалатын МЖИ жобаларыныӊ портфелі құны 211,8 млрд теӊге болатын 29 жобаны құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны