Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 тамыз 2017
  • 15
  • :
  • 03
17:00

Алматы облысында 2016 жылы жеке инвесторлардыӊ қаржысы есебінен құны 3,6 млрд. теӊге болатын 43 туризм нысаны іске қосылды20.03.2017
Экономика  20:16
Талдықорған. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ туризмін дамытуда инвесторлардыӊ қызығушылық танытып отырған нысандарыныӊ бірі - Алакөл жағалауы. Мәселен, өткен жылы облыста жеке инвестордыӊ қаржысы есебінен құны 3,6 млрд. теӊге болатын 43 туризм нысаны іске қосылса, соныӊ ішінде 30 нысан Алакөл жағалауында пайдалануға берілген. Жалпы саны 1297 орынды 1 қонақ үй, 4 демалыс базасы, 7 демалыс үйі, 18 мейманхана Алакөл маӊында бой көтерген. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен туристік әлеуетті дамыту туралы көшпелі брифинг барысында облыстық туризм басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Арқау Шынтаев айтты.

Облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ қатысуымен өткен брифинг барысында сөз алған аудан әкімі Ә. Жақанбаев облыс әкімдігініӊ қолдауыныӊ арқасында қазіргі кезде көл жағалауыныӊ инфрақұрылымы жасалып жатқанын айтты. "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы Ақши ауылына 93,8 км жаӊа электр желісі тартылды. Оған бюджеттен 610,9 млн. теӊге бөлінген. Жол жөнделіп, темір жол тасымалы бюджеттен субсидиялануда.

2015 жылдан бастап қолға алынған Үшарал әуежайыныӊ құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі кезде аяқталуға жақын. Оныӊ жүзеге асырылуына бюджеттен 896,9 млн. теӊге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін әуежайда ұшу-қону жолағы жаӊғыртылып, әуе қозғалысын ұйымдастыруға қажетті радиотехника мен метеорологиялық құралдар жаӊартылды. Жаӊа әуежай Алматы облысыныӊ туристік логистикасын жақсартып, демалушылар саныныӊ артуына ықпал етпек.

Жалпы 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша көл жағалауында демалушылардыӊ саны жарты миллионға жеткен.
Просмотров: 2786

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter