20.04.2018, 23:15 6015

Алматы облысында 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудыӊ Ұлттық стратегиялық тұжырымдамасы таныстырылды

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 80 өндірістік мал бордақылау алаӊдары мен қазіргі заман талабына сай 7 ет өӊдейтін кешен құрылатын болады. Жаӊадан салынатын фермалар мен бордақылау алаӊдарыныӊ орналасуы өӊірлердіӊ мамандану схемасына сәйкес, климаттық жағдайлары ескеріліп салынатын болады.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ қатысуымен өткен кеӊейтілген отырыста 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудыӊ Ұлттық стратегиялық тұжырымдамасы таныстырылды.

Тұжырымдама Мемлекет басшысыныӊ жыл сайынғы Жолдауында қойған стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеӊберінде, еӊ алдымен, агроөнеркәсіптік кешендегі еӊбек өнімділігін және экспорттық өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2,5 есе арттыру мақсатында әзірленді.

Ұлттық стратегияныӊ негізін ірі өндірістер емес, отбасылық фермалар құрайды: мал шаруашылығында 50-100 аналық бас, 600 бас қой.

Өндірістіӊ құн тізбегі - шаруашылық-репродуктолог саналатын фермерлерге асыл тұқымды бұқаларды қамтамасыз етуден, ІҚМ өсіретін және бұқашықтарды бордақылайтын шаруашылықтардан, қарқынды бордақылау алаӊдары мен ірі қара малды өнеркәсіптік союға және дайын өнімді сақтайтын ет комбинаттары мен өнімдерді таратудан тұрады.

Бағдарламада 15 жылға дейінгі мерзімге және 4%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен жеӊілдікпен несие беру қарастырылған.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 80 өндірістік мал бордақылау алаӊдары мен қазіргі заман талабына сай 7 ет өӊдейтін кешен құрылатын болады. Жаӊадан салынатын фермалар мен бордақылау алаӊдарыныӊ орналасуы өӊірлердіӊ мамандану схемасына сәйкес, климаттық жағдайлары ескеріліп салынатын болады.

Кездесу өӊірлердегі тауар өндірушілердіӊ өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу форматында жалғасты.

Ауыл шаруашылығыныӊ өндірістік процестерін автоматтандыру және цифрландыру, заманауи еӊ озық технологияларды қолдану мақсатында Министрліктен Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудыӊ жобалау кеӊсесі құрылды. Кеӊсеніӊ жұмысы отандық ІТ-компаниялар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерініӊ әлеуетін нығайтуға, әлемдік тәжірибеге бейімдеуге, агроөнеркәсіп кешенініӊ барлық салаларыныӊ қажеттіліктеріне арналған жаӊа жобаларды жасауға бағытталған.

"АПК Адал" сүтті-тауарлы фермасы еӊбек өнімділігін арттырып, қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы өнімдерді есепке алудыӊ, далалық аймақтарды бөлу және нәтижелердіӊ тиімділігін бағалау жүйелерін белсенді түрде енгізуде. "АПК Адал" ЖШС басшылығы жиналысқа қатысушыларға цифрландыру жүйелерін іске асыру нәтижелерін таныстырды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудыӊ қолжетімділігін арттыру, өткізу нарықтарыныӊ кеӊеюі және ауыл шаруашылығы экспортын дамыту қажеттілігі мемлекеттік саясатты іске асырудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Бұл шаралар отандық бизнестіӊ даму перспективаларына және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны