25.01.2018, 18:33 5355

Алматы облысында "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС-ныӊ азық-түлік шығаратын зауыты ашылады

Қапшағай қаласыныӊ "Арна" индустриялық аймғында орналасқан "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС-ныӊ азық-түлік шығаратын зауыты биылғы жылғы маусым айыныӊ соӊында ашылады

Талдықорған. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қапшағай қаласыныӊ "Арна" индустриялық аймғында орналасқан "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС-ныӊ азық-түлік шығаратын зауыты биылғы жылғы маусым айыныӊ соӊында ашылады. Экспортқа бағытталған кәсіпорын алғашқы дайын өнімін 1-ші желісі іске қосылатын сәуір айында шығарады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ "Маревен Фуд Холдингс" холдингініӊ өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында инвесторлар жобаныӊ жүзеге асырылу барысы, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп шешуге тиіс бірқатар мәселелер туралы баяндады.

"Маревен Фуд Холдингс" холдингініӊ атқарушы директоры Мишель Чангтыӊ айтуынша, қазіргі кезде зауыттыӊ өндірістік және инженерлік кешені дайын, ішкі инженерлік коммуникациясы толығымен жүргізілген. Қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, қоймада сақтаулы. 1-ші тестік желісі сәуір айында іске қосылып, алғашқы өнімдері шығарылады. Зауыт нарыққа кәсіпорын іске толық қосылғаннан кейін шықпақ. Зауыттыӊ маусым айыныӊ соӊында ашылады деп жоспарланған.

Кездесуде айтылғандай, 2018 жылға 24 млрд. теӊге болатын сатылым көлемі белгіленіп отыр. Зауыт тез пісетін кеспе, сорпа дәмдеуіштері, макарондар - жалпы саны 15 түрлі өнім шығаратын болады. Дайын өнімніӊ 70 %-і Азияныӊ 5 еліне, Монғолия мен Қытайға шығарылмақшы. Өндіріс барысында 5 өнім - ұн, тұз, картон және басқа да қазақстандық өнімдер қолданылады. Кәсіпорын 500 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамттды, оныӊ 90%-ін жергілікті тұрғындар құрамақшы.

Инвесторлар зауытқа кіре беріске дейін жол төсеу, темір жолға шығатын мүмкіндік жасау қажеттіліктерін айтты. Облыс әкімі Амандық Баталов бұл мәселелерді шешуді бақылауына алатынын жеткізді.

Облыс әкімініӊ орынбасары Жеӊіс Тұяқовтыӊ айтуынша, қиыршық тас-құм төселетін жолдыӊ құрылысы наурызда аяқталса, ауа райыныӊ қолайлылығына қарай сәуір-мамыр айларында асфальт төселетін болады. Темір жол мәселесі де жыл соӊына дейін шешімін таппақ. Зауыт Қапшағай қаласындағы газ желісіне қосылады.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

- Біздіӊ облыстыӊ аумағында осындай ірі инвестициялық жобаныӊ жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл кәсіпорын өз кезегінде облыстыӊ азық-түлік өндірісіне өзініӊ үлкен үлесін қосатын болады. Еӊ бастысы, зауыт 500 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтиды. Оған қоса өнім өзіміздіӊ отандық ұннан дайындалып, дайын өнім "Қазақстанда жасалған" деген белгімен экспортқа шығарылатын болады, - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны