14.02.2018, 13:04 8229

Алматы облысында шағын индустриялық аймақтар дамытылуда

Алматы облысында шағын индустриялық аймақтар дамытылуда. Аймақтардыӊ бірінде 10-ға тарта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді

Талдықорған. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында шағын индустриялық аймақтар дамытылуда. Аймақтардыӊ бірінде 10-ға тарта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді.

Талдықорған қаласында "Талдыкорганэлектросетьстрой" ЖШС базасында Алматы облысындағы алғашқы шағын индустриялық аймақ іске қосылды. Жоба Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы және Талдықорған қаласы әкімдігініӊ қолдуымен жүзеге асырылды. Өткен жылдыӊ соӊында тараптар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған. Шағын индустриялық аймақтарды дамыту тоқтап қалған кәсіпорындар негізінде бизнес-инкубатор ашуға негізделген.Жүргізілген мониторинг бойынша облысымызда 13 тоқтап қалған кәсіпорын анықталды.

"Талдыкорганэлектросетьстрой" 1948 жылы Талдықорғандағы "Казэлектромонтаж" механикаландырылған лек тресті негізінде құрылған. Компания құрылыс және монтаждау жұмыстарымен айналысып келген. Кәсіпорын алаӊында 12,6 га жер аумағы, жекеменшік әкімшілік ғимараты, металл құрастырылымдар цехы, қоймалар мен көлікжайлар бар. Шағын индустриялық аймақ ашу жобасын іске асыру нәтижесінде кәсіпорын аумағында 10-ға тарта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп жатыр.

"Кәсіпкерлерге жалға алу бағасы бойынша жеӊілдіктер қарастырылған. Жалға алу құны нарықтық бағадан төмен.Кәсіпкерлік нысандарына қажетті инфрақұрылым тартылған. Сонымен бірге, бос жер аумақтарында кәсіпкерлер құрылыспен айналысып, жаӊа нысандарды аша алады. Шағын индустриялық аймақтарды ашу мен дамыту шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандырудыӊ тағы бір механизмі болып табылады. Жоба жер ресурстарын тиімді пайдалануға, тоқтап тұрған кәсіпорындарды жаӊғыртуға септігін тигізеді", - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Исет Шаяхметов.

Бүгінгі таӊда индустриялық аймақ аумағында ателье, құрылыс машиналарын жөндеу цехы, металл құрастырылымдар цехы, полиэтиленді өӊдеу цехы, шеберхана цехы, пластик терезелерді шығаратын цех, кондитерлік цех, ТЖО жұмыс істеуде.

"Талдыкорганэлектросетьстрой" ЖШС директоры Қайролла Ибрагимовтыӊ сөзінше шағын индустриялық аймақ ашу жобасы тоқтап тұрған кәсіпорынға жаӊа тыныс берді.

"Кәсіпорын жұмысына қатысты қиындықтарды 2014 жылдан бастап сезіне бастадық. Ир түрлі жағдайлар орын алды, компанияны қайта жандандыру бойынша көп ойландық. Кәсіпкерлер палатасыныӊ демеуімен біздіӊ кәсіпорын жаӊа өмірін бастады. Ирине, жағдайымыз әлі де күрделі болып тұр. Оӊалту процедурасын өтуге дайындалып отырмыз, есепшоттарымыз ашылады. Біз қызметімізді қайтадан бастаймыз", - деді Қайролла Ибрагимов.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ ақпаратынша алдағы уақытта Талдықорған қаласында "Дархан и К" кәсіпорны негізінде шағын индустриялық аймақты ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны