22.09.2017, 18:32 5805

Алматы облысындағы Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді

Биылғы маусымда Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді. Бірінші болып Қапшағай қаласыныӊ қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді.

Талдықорған. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы маусымда Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді. Бірінші болып Қапшағай қаласыныӊ қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді. Шаруалар мен өӊдеушілерді бұл қуанышты сәтпен облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Сексембай Бекішов құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

С. Бекішов өз сөзінде Мемлекет басшысыныӊ қант қызылшасын қайта өркендету туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыста атқарылған тындырымды істіӊ нәтижесінде соӊғы үш жылда қант қызылшасыныӊ алқабы едәуір ұлғайтылғанын атап өтті. Өткен жылы Алматы облысыныӊ қызылшашылары 6,4 мыӊ гектарға тәтті түбір өсірсе, биылғы жылы бұл дақыл алқабыныӊ көлемі 9 мыӊ гектарға жетіп отыр. Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, кәсіпорын жуық арада шикізат қабылдауды бастамақ. Сонымен қатар өӊір қызылшашыларына тұқым, тыӊайтқыштар, жанар-жағар май, жаӊа техника алуға, өнім жинауға көрсетілетін жәрдем жалғасуда.

Қапшағайдан жеткен автокеруенге келетін болсақ, ол "Есен-Аман" шаруа қожалығынан әкелінген. Қожалық биылғы жылы қызылша өсірумен алғаш рет айналысып, 20 гектар жерге дақыл сепкен. Мамандар қапшағайлық тәтті түбірдіӊ қанттылығын жоғары - 19 % деп бағалап отыр. "Бұл өте жақсы көрсеткіш", - дейді олар.

Аталмыш қожалық іскерлік қатынас орнатқан "Агро Қант" сервистік-дайындау орталығы" ЖШС көлік тасымалы жағынан жәрдемдескен. Оныӊ басшысы Гүлжәмилә Бекиеваныӊ айтуынша, қапшағайлық қызылшашылар биыл мол өнім жинауды межелеп отыр. Биыл Қапшағай қаласында 570 гектарға қант қызылшасы себілген. Гектарына 350-400 центнерден өнім жинау жоспарланғанымен, бүгінгі күні шаруашылықтар гектарына 600 центнерге дейін өнім алуда. Көксу қант зауытына өӊдеуге "Есен-Аман" шаруа қожалығы жалпы көлемі 20 мыӊ тонна болатын тәтті түбір өткізуді көздеп отыр. Қапшағайлықтардыӊ қант қызылшасын өткізу эстафетасын енді Ескелді мен Көксу ауданы жалғастырмақ,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны