20.03.2018, 21:00 4777

Алматы облысыныӊ әкімі қант қызылшасы өндірісін дамыту туралы жиын өткізді

Басқосуды ашқан Амандық Баталов мемлекет қолдауыныӊ арқасында бірлескен жұмыстыӊ нәтижесінде өткен жылы облыстағы қант қызылшасыныӊ жалпы жиыны 334 мыӊ тонна болса, биылғы жылы 414,4 мыӊ тонна өнім жинау межеленгенін айтты

Талдықорған. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Егіс науқаны қарсаӊында облыс әкімі Амандық Баталов өӊірдегі шаруалардыӊ қатысуымен қант қызылшасы өндірісін дамыту мәселесін талқылаған жиын өткізді. Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасыныӊ алқабын 11,2 мыӊ гектарға ұлғайту, одан 414,4 мыӊ тонна өнім жинау көзделіп отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Басқосуды ашқан Амандық Баталов мемлекет қолдауыныӊ арқасында бірлескен жұмыстыӊ нәтижесінде өткен жылы облыстағы қант қызылшасыныӊ жалпы жиыны 334 мыӊ тонна болса, биылғы жылы 414,4 мыӊ тонна өнім жинау межеленгенін айтты. Оған қоса өӊдеу мәселесі де шешімін табуда.

- Соӊғы үш жылда Көксу қант зауытын толық жаӊғыртудан өткіздік, соныӊ арқасында оныӊ өӊдеу қуаттылығы еселеп өсті. Қазіргі кезде Ақсу қант зауытында жаӊғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аса маӊызды да үлкен жұмыс. Жаӊғыртудан өткен кәсіпорын 1 қазаннан жаӊа құрылғыларымен өӊдеу ісін бастайтын болады. Сонымен қатар облыста шаруаларды ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы тағы 7 сервистік-дайындау орталығын құрамыз. Сапалы тұқыммен қамту, жеӊілдікпен жағармай беру сияқты қолдаулар жалғасын табады, - деді А. Баталов.

Облыс әкімі жиналған қант қызылшасы толық өӊделуі тиіс екенін, өткізілген өнім үшін шаруа қожалықтарымен дер кезінде есептесу керектігін өӊдеушілерге қарата нығырлай ескертті.

Мұнан соӊ көктемгі егіс науқанына дайындық барысы туралы облыс әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндады. Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы облыста 5 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, 114 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Сондай-ақ қант қызылшасыныӊ 14 мыӊ е.б. француздық және германиялық тұқымы алынды. Жалпы осы мақсаттарға облыс бюджетінен 1,5 млрд. теӊге бағытталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Биылғы жылы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін 11,5 мыӊ гектар сүдігер жер жыртылды. Қызылша себетін шаруашылықтардыӊ берген тапсырыстарына сәйкес облыста қант қызылшасыныӊ 16775 е.б.тұқымы, соныӊ ішінде 3480 е.б. мемлекеттік реестрге 2017 жылы енгізілген шіруге төзімді "Тиссерин" және "Игорь" жаӊа гибридтік тұқым сатып алынған. Ал 7 СДО-ға келсек, олар Ақсу, Алакөл, Қаратал, Сарқан аудандары мен Қапшағай қалаларында құрылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теӊге бөлінген. 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Қант қызылшасыныӊ 1 тоннасын сатып алу құны өткен жылғыдай 17 мыӊ теӊгені құрайды, оныӊ 8 мыӊ теӊгесі зауыт арқылы, 9 мыӊ теӊгесі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидия түрінде төленеді.

Кездесу барысында Көксу қант зауытыныӊ директоры Алтынбек Абатов және Ақсу қант заутыныӊ директоры Мұрат Төлегенов сөз алып, кәсіпорындардағы жаӊғырту жұмыстарыныӊ барысы жайлы айтып берді.

Қант қызылшасын өсіруші шаруалар өз кезегінде қолдау шаралары үшін, атап айтқанда, қант қызылшасын тастан тазалайтын арнайы техника сатып алуға, Шеӊгелді ауылдық округі аумағында қызылша жинайтын алқап жасауға, осы ауданға қант қызылшасын тасымалдауға қосымша КАМАЗ сатып алуға қолдау білдіргені үшін облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар Шеӊгелді ауылдық округінде суару жүйесіне көӊіл бөлу, насос стансасына жаӊғырту жұмыстарыныӊ қажеттігі де сөз болды.

Облыс әкімі әрбір мәселеніӊ жіті зерделеніп, қарастырылатынын, тиісті қолдаулар көрсетілетінін айтты. Исіресе арнайы техникалар алу, суарумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны