21.07.2017, 21:53 4510

Алматы облысыныӊ әкімі Ресей Федерациясынан келген меймандарға Жетісу өлкесініӊ инвестициялық тартымдылығын баяндап берді

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов "Еуразиялық іскерлік кеӊес" коммерциялық емес серіктестігініӊ үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы Олег Сосковецпен кездесіп, қос тарап сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ықпалдасу жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Талдықорған. 21 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов "Еуразиялық іскерлік кеӊес" коммерциялық емес серіктестігініӊ үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы Олег Сосковецпен кездесіп, қос тарап сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ықпалдасу жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Кездесу басында өӊір басшысы Ресей Федерациясынан келген меймандарға Жетісу өлкесініӊ инвестициялық тартымдылығын, өӊірдіӊ даму әлеуеті мен мүмкіндіктерін жан-жақты баяндап берді. Өз сөзінде облыс әкімі А.Баталов:

- Алматы облысы - еліміздегі ірі аграрлық өлкелердіӊ бірі. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардыӊ арқасында жетісулықтардыӊ әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне қолдау білдіруге, ауыл шаруашылығын дамытуға, соныӊ ішінде өӊірде қант қызылшасы, майбұршақ пен жүгері өсіруді жандандыруға үлкен көӊіл бөлініп келеді. Сонымен қатар облысымыздыӊ инвесторларға жасап жатқан мүмкіндіктерініӊ арқасында көптеген шетелдік ірі компаниялардыӊ бірі өз кәсіпорындарын ашып жатса, енді бірі зауыттарыныӊ құрылысын жүргізуде. Соныӊ ішінде ресейлік "Лукойл" және "Ролтон" зауыттары да бар, - деді. Сонымен қатар ресейлік бизнес өкілдері инвестиция құйып, зауыт салуға қызығушылық танытса, ұсыныстарын қарастыруға әзір екендіктерін білдірді.

Осыдан кейін сөз алған "Еуразиялық іскерлік кеӊес" коммерциялық емес серіктестігініӊ үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы Олег Сосковец өзініӊ осыдан алты жыл бұрын келгендегі көрген Талдықорған қаласы мен оныӊ бүгінгі келбетініӊ айырмашылығын атап өтті.

- Мен төрағалық ететін ұйым Еуразия аумағындағы кәсіпорындар мен компаниялардыӊ арасындағы сауда-экономикалық әріпстестікке негізделгендіктен, әрине, сіздердіӊ шақыруларыӊызды барынша тиімді пайдаланып, барлық мүмкіндіктерді жіті таразылап қайтатын боламыз. Адамдардыӊ дәл бүгінгідей жүзбе-жүз кездесіп, бетпе-бет сөйлесуін интернет пен байланыстыӊ ешбір өзге түрлері алмастыра алмайды. Сол себепті бүгінгі кездесуіміз қос тарапқа да нәтижелі болатындығына сенімдімін, - деді.

Кездесу соӊында қос тарап өз сөздерін ынтымақтастық меморандумына қол қою арқылы бекітіп, келешекте бизнесті дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны