10.12.2018, 02:14 8623

Алматы облысыныӊ құс фабрикаларына үстіміздегі жылдыӊ сәуірінен бастап субсидиялардыӊ төленуі тоқтатылды

Сарапшылардыӊ бағалауынша қазіргі таӊда құс шаруашылығы қиын кезеӊді бастан өткеріп жатыр.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Құс шаруашылығында қызмет ететін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудыӊ түгел көрсетілмеуі кәсіпорындардыӊ көрсеткіштеріне теріс әсер етіп, олардыӊ көпшілігініӊ банкротқа ұшырауына әкелуі әбден мүмкін. Ал бұл өз кезегінде жұмыс орындарыныӊ қысқаруына, салық түсімдерініӊ азаюына, инвесторлардыӊ салаға деген сенімініӊ жоғалуына, сондай-ақ, елдіӊ басты азық-түлік өнімдерін импорттауға тәуелді қылып тастауы мүмкін. Бұл жөнінде Алматы облысы құс шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ өкілдері Қазақстан Баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісі кезінде мәлімдеді.

Сарапшылардыӊ бағалауынша қазіргі таӊда құс шаруашылығы қиын кезеӊді бастан өткеріп жатыр.

Құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар "тікелей" субсидиялар алынып тасталады, бұл субсидиялар кәсіпкерлерді қолдауға арналған басқа құралдарға, атап айтқанда, инвестициялық субсидияларға алмастырылуы мүмкін деген қауесеттерге байланысты алаӊдаушылық білдіріп отыр.

"Құс шаруашылығы басымдыққа ие емес сала болғандықтан және де Алматы облысыныӊ бюджетінде қаржы жетпегендіктен, Алматы облысыныӊ құс фабрикаларына үстіміздегі жылдыӊ сәуірінен бастап субсидиялардыӊ төленуі тоқтатылды. Осы тұста республикамыздыӊ басқа облыстарындағы құс шаруашылықтары уақытылы түрде мемлекеттік қолдауға ие болып келеді. Қазір республика нарығында экономикалық теӊсіз жағдай орын алып отыр. Сондай-ақ, құс еті мен жұмыртқасы бірінші кезекте қажет өнімдерге жататындықтан, бұл өнімдердіӊ бағасын монополияға қарсы органдар қатаӊ қадағалап отырады, ал осы тұста жемшөп бағасы 30%-ға өскенін де ескеру қажет", - деп мәлімдеді "Көгер ЛТД" ЖШС құс фабикасыныӊ директоры Иванова Светлана Петровна.

Иванова ханымныӊ айтуынша, облыстағы құс шаруашылығы өнімдері ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілігінен айырылып отыр. Осындай қиғаштықтыӊ нәтижесінде облыстағы құс шаруашылығы қиын-қыстау кезеӊнен өтіп, Алматы облысындағы 7 құс шаруашылығы банкроттыққа тап болып отыр.

Құс фабрикаларыныӊ директорлары өндірістік қуаттылықтарды 40-50%-ға азайту туралы шешім қабылдауға мәжбүр, бұл жұмыс орындарыныӊ қысқаруына әкеліп, жалпы құс шаруашылығына және еӊбек ұжымыныӊ әлеуметтік жағдайына теріс ықпалын тигізейін деп отыр.

2018 жылға арналған бюджет пен қаржылық болжам субсидияны ескере отырып құрылғандықтан, қазіргі таӊда қиын-қыстау жағдай орын алып отыр. Субсидия төлене ме, жоқ па, бұл жағы әлі түсініксіз.

Алматы облысы құс шаруашылығыныӊ өкілдері 2021 жылға дейінқұс шаруашылығынамемлекеттік қолдау көрсету аса қажет деп айтып отыр, өйткені осы кезеӊ ішінде құс шаруашылықтары, әсіресе, жұмыртқамен айналысатын кәсіпорындар қарыздарын өтеп, өз шығынын өзі өтейтіндей қауқары пайда болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны