20.07.2017, 21:42 4869

Алматы облысыныӊ өкілі биологиялық жемніӊ маӊызы туралы жобасы үшін 2 млн. 600 мыӊ теӊге грантқа ие болды

Бұл туралы бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ өӊір жастарымен кездесуі барысында белгілі болды.

Талдықорған. 20 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ жас өкілі Мағжан Ысқақов голландиялық әдіспен жасалған биологиялық жемніӊ маӊызы туралы жобасын ?зірлегені үшін 2 млн. 600 мыӊ теӊге, жас ағашты тамырландыратын құнарлы қондырғы жасау жобасы үшін Берліғожа Жігер 800 мыӊ теӊге, электр үнемдегіш электр пеші жобасын дайындаған Шыӊғыс Нұрғожаев 700 мыӊ теӊге грантқа ие болды. Марапатталғандар арасында жетісулық жастардыӊ қымыз өндірісіне, тоспа суды тазартуға қатысты жобалары да бар. Бұл туралы бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ өӊір жастарымен кездесуі барысында белгілі болды.

Атап өтсек, облыс әкімдігі бес жылдан бері жастар арасында "VIP" ғылыми жобаларыныӊ байқауын өткізіп келеді. Байқаудыӊ мақсаты - жастарды инновациялық жобалар дайындауға тарту, жас ғалымдарды ынталандыру, әлеуметтік маӊызы зор озық жобаларға қолдау көрсету. Бұл байқау биыл да жалғасын тауып, жеӊімпаз атанған бес жас ғалымға гранттар Талғар ауданындағы "Лесная сказка" туристік кешенінде өткен кездесуде табысталды.

Кездесуге жалпы саны жүзге жуық жас қатысты. Шақырылғандар қатарында жас ғалымдар, спорт өкілдері, жас депутаттар, көп балалы жас отбасылар, "Жас отау" байқауыныӊ жеӊімпаздары, жас кәсіпкерлер және басқа да белсенді жастар бар.

Жастармен еркін пікір алмасқан облыс әкімі А. Баталов өӊірдіӊ басым бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сонымен қатар өз сөзінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысына тоқталып, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020", "Бизнестіӊ жол картасы - 2020", "Дипломмен - ауылға!", "Болашақ", "Серпін - 2050", "Жасыл ел" жобалары жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын айтты.

- Мемлекет басшысы жастар мәселесіне ерекше назар аударады. Біздіӊ алдымызға қойып отырған үлкен міндеттердіӊ бірі де - осы жастар саясатын нәтижелі жүзеге асыру. Жас өркенніӊ оқуына, жұмыс істеуіне жағдай жасау, бастамаларын қолдау, бағыт көрсету - біздіӊ парызымыз. Бүгінгі кездесуде өздеріӊмен еркін әӊгімелесіп, ой бөліссек деген ниеттемін. Араларыӊда ел есімін ерекше мақтанышпен айтатын мықты жастар көп. Сендердіӊ тыӊ ойларыӊ, жалын жүректеріӊ, жігерлі істеріӊ мемлекетіміз үшін аса қажет, - деді А. Баталов.

Бұдан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен қатар жастардыӊ мамандық таӊдау, бала тәрбиесі секілді еркін тақырыптағы сауалдарына жауап берді. Жастар тарапынан ауылдық жерлерде аула клубтарын дамыту, облыс орталығында мюзикл театрын құру сияқты бірқатар ұсыныстар айтылып, ұсыныстар қолдау тапты.

Кездесу соӊында А. Баталов жастармен бірге ән салып, естелік суретке түсті. Сөзініӊ қорытындысында облыс басшысы әрдайым белсенді жастарға қолдау көрсетіп, маргиналды жастарды қоғамдық ортаға тартуға жағдай жасайтындығын айтты. Ж?не осындай кездесуді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу ұйғарылып, келесі жүздесу Талдықорған өӊіріндегі Қора шатқалында, Бұрханбұлақ сарқырамасы маӊында ұйымдастырылады деп жоспарланды. Кездесуден кейін жастар командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Жалпы Алматы облысында 4 мыӊнан астам жас бар, яғни олар халықтыӊ үштен бір бөлігін құрап отыр. Осыдан үш жыл бұрын облыстық жастар саясаты басқармасыныӊ бюджеті 70 млн. теӊге көлемінде болса, биыл бұл көрсеткіш 550 млн. теӊгеге жетті. Осы жылы жастардыӊ әлеуметтік маӊызды жобаларыныӊ байқауына 31 млн. теӊге бөлінген. Сондай-ақ Халықаралық қайта жаӊғырту және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ жастар корпусын дамыту бірлескен жобасын жүзеге асыру шеӊберінде облыс жастарыныӊ 233 жобасы грант ұтып алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны