15.11.2017, 19:58 4864

Алматыда "Bereke" қаржылық сауаттылық орталығы ашылды

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жобаныӊ мақсаты - жастарға, жұмыс істеп отырған азаматтарға, зейнеткерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржы саласына қатысты кеӊес беру, оқыту.

Алматы. 15 қараша. Kazakhstan Today - Жобаныӊ мақсаты - халыққа несие алуда және басқа да қаржы операцияларында қателіктерді ескерту

Жеке қаржы жоспарын құрудан бастап бизнес ашу үшін қаржыландыруды іздеуге дейінгі тегін семинарлар "Bereke" қаржы сауаттылық орталығында өткізіледі. Бұл ҚР Ұлттық кітапханасы мен "Айгүл Ибдірайымованыӊ қаржы сауаттылық мектебі" бірлесіп ұйымдастырған әлеуметтік-білім беру жобасы. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жобаныӊ мақсаты - жастарға, жұмыс істеп отырған азаматтарға, зейнеткерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржы саласына қатысты кеӊес беру, оқыту.

"Ұлттық кітапхана жұмысында заманауи оқырманныӊ қызығушылығына сай болуға талпыныс бар. Біз азаматтардыӊ түрлі қалыпта білім алғанын қалаймыз. Ұлттық кітапхана бұл жобаны бір-ақ күнде қолға алған жоқ. Біз Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен екі жыл жуық уақыт жұмыс істеп келеміз. Кітапхана базасында маркетологтар, бухгалтерлер клубтарыныӊ кездесулерін өткіземіз. Таяуда ғана интернет-маркетинг бойынша оқыту курсы аяқталды. Google мен Яндекс секілді халықаралық озық компаниялардыӊ спикерлері алматылықтарға дәріс оқыды. "Bereke" қаржы сауаттылық орталығы кәсіпкерлікті дамытуға демеу болады деп ойлаймын", - деді ҚР Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов.

Алматы кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ міндетін атқарушы Тимур Хакимов кәсіпкерлікті дамытудағы бірлескен жұмыс тек арта түсетінін атап өтті.

"Бүгінде қаржы сауаттылығына қатысты жұмыстыӊ маӊызы зор. Бұл халыққа ғана емес, бизнеске де қатысты. Кәсіпкерлер палатасыныӊ тәжірибесіне сүйене отырып, шағын және орта бизнес өкілдерініӊ арасында анағұрлым сұранысы жоғары қызметтіӊ үштен бірі қаржылық сауаттылық деӊгейін арттыруға қатысты деп сеніммен айтуға болады. "Атамекен" ҚР ҰПК өз жұмысын халықты кәсіспкерлікке тартуға да бағыттап отыр. Қаржылық сауаттылық орталығыныӊ тыӊдаушылары бизнес-қоғамдастықтыӊ қатарын арттыратынына күмәнім жоқ. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әрдайым орталықтыӊ жұмысына заӊдық, бухгалтерлік, маркетингтік қызмет көрсететін кәсіби мамандарды тартуға дайын", - деді Тимур Хакимов.

ҚР Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы директорыныӊ орынбасары Сәлима Жұрынованыӊ айтуынша осындай орталықты ашудыӊ маӊызы зор. Ұлттық банк міндеттерініӊ бірі - қаржылық қызметті тұтынушылардыӊ құқығын қорғау. Мемлекеттік реттеу сараптамасы бойынша Ұлттық банкке түскен өтінімдердіӊ 90% негізсіз. Жекелеген адамдар азаматтардыӊ қаржылық сауаттылығыныӊ төмен екендігін пайдала отырып оларды аздастырады. Сонымен қатар көпшілік қаржысын тиімді жұмсауды және қандай да бір қаржылық қызметті алуды біле бермейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны