15.11.2017, 19:37 3944

Алматыда қаржыгерлердіӊ VII конгресі өтті

"2017 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айлары аралығында қайта берілген несие көлемі 6,7%-ға, яғни 7,6 мрл теӊгеге өскен. Бұл өсім жеке тұлғалардыӊ несие алуыныӊ 1,5 есе артуымен байланысты. Кәсіпкерліктіӊ негізін құрайтын заӊды тұлғаларға несие беру 5,7%-ға төмендеген немесе 300 млрд теӊгеден астам сомаға азайған", - деп хабарлады "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Алматы. 15 қараша. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қаржы нарығыныӊ мәселесін көтере отырып, бұл салада ақша-несие саясатын жеӊілдететін шешімді қадамдар байқалмайтынын атап өтті. Спикер қысқа мерзімді де, сондай-ақ ұзақмерзімді де несие алу жеӊіл еместігіне назар аударды.

Абылай Мырзахметов атап өткендей, конгресті қалыптастыру қаржы секторында пікір алмасу қажеттілігініӊ бар екенін көрсетеді. Ол бизнестіӊ қаржы секторынан не күтетіні жайлы да ой бөлісті. Оныӊ айтуынша, бұл секторда теӊдестірілген экономикалық саясат болу керек.

"Бұл сөзсіз, салық мәселесі мен бюджеттік несиелеуге қатысты. Бизнес макроэкономикалық саясат осы мәселені үйлестіре талқылағанын күтеді. Ұлттық банк пен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығыныӊ бірлескен жұмысымен экономикалық өсуді ынталандыру керек", - деді Абылай Мырзахметов.

"2017 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айлары аралығында қайта берілген несие көлемі 6,7%-ға, яғни 7,6 мрл теӊгеге өскен. Бұл өсім жеке тұлғалардыӊ несие алуыныӊ 1,5 есе артуымен байланысты. Кәсіпкерліктіӊ негізін құрайтын заӊды тұлғаларға несие беру 5,7%-ға төмендеген немесе 300 млрд теӊгеден астам сомаға азайған", - деп хабарлады "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Спикердіӊ айтуынша, ауыл шаруашылығына берілген несие 43%-ға төмендеген. Сондай-ақ ұзақмерзімді (инвестициялық) несие бойынша мөлшерлемесі артқан. Ал бизнес несиені субсидиялау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалардыӊ арқасында ғана алып отырғанына назар аударды.

"Бизнестіӊ жол картасы" еӊ сұранысқа ие бағдарлама, барлық өӊір қамтылып, жұмыс атқарылып отыр, 10 мыӊнан астам қатысушысы бар. Алайда Қазақстанда 1 млн 200 мыӊға жуық кәсіпкер бар, бір ғана осындай қолдау жеткіліксіз. Банк секторы несиелеудіӊ шынайы құралы, ол бар қарқынмен жұмыс істеу керек", - деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы сондай-ақ қаржы секторына қадағалау қажеттігі туралы айтты.

"Бизнестіӊ түйткілді мәселесі - капиталдыӊ аздығы. Ұлттық банкте өте ауқымды сараптама бар, олар мәселені шешуге тікелей атсалысуы керек. Оӊтүстік Қазақстан облысындағы тауар айналымыныӊ 40%-ы Өзбекстанға тиесілі. Бәсекелестік бағдарын белгілеу керек", - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.

Еске салсақ, қаржыгерлердіӊ конгресі соӊғы рет 2006 жылы өтті. Ал елімізде қаржы нарығындағы басты іс-шара тұӊғыш рет 1999 жылдыӊ мамыр айында ұйымдастырылған.

Қаржыгерлердіӊ VII конгресіне "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеӊесініӊ төрайымы міндетін атқарушы Юлия Якупбаева, ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, сондай-ақ еліміздегі қаржы секторы - банктер, сақтандыру, инвестициялық және брокерлік компаниялардыӊ өкілдері қатысты.

Конгрестіӊ негізгі тақырыбы - макроэкономикалық саясат және қаржы секторын дамыту жолдары. Қатысушылар қор жинау, реттеу, бәсекелестік орта мен жаӊа технологияларды пайдалану мәселелерін де талқылады.

Сонымен қатар қор нарығын дамыту мәселесіне жекелеген сессия арналды. Юлия Якупбаева "Қаржылық сектор: жаӊа сын-тегеурін мен мүмкіндіктер" атты екінші сессияға модератор болды.

Бүгінде қаржы секторы үшін қадағалау мәселесі маӊызды. Конгресс еліміздіӊ қаржыгерлері үшін нағыз пікір алмасу алаӊына айналып, есте қаларлықтай пайдалы ойлар мен идеялар айтылған орта ретінде қалыптасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны