16.03.2015, 21:32 4361

Алматыда Қазақстан мен Венгрияныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Алматы қаласында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековпен Венгрия ауыл шаруашылығы министрі Шандора Фазекашамен екі жақты келіссөздер өтті, деп хабарлады АШМ

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековпен Венгрия ауыл шаруашылығы министрі Шандора Фазекашамен екі жақты келіссөздер өтті, деп хабарлады АШМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында екі елдіӊ ынтымақтастығын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешеніне инвестицияларды тарту сұрақтары көтерілді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бүгінде бірнеше ірі венгрлік компаниялар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу кәсіпорындарын салу мүмкіндігін қарастыруда.

Соған қоса, Венгриядан Қазақстанға ірі қара мал етініӊ экспортын ашу және Қазақстандық-Венгрлік қордыӊ тікелей инвестияларын құру мәселелері талқыланды.

Ертерек, Будапешт қ. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ мен Венгрияныӊ экспорттық-импорттық банкі мен Қорды ашу аясында өзара келісу бойынша Меморандумға қол қойылды.

Қордыӊ мақсаты Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ жобаларын инвестициялау болып табылады. Қордыӊ жарғылық капиталы 50% көлемінде венгрлік тарап пен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ныӊ үлестік қатысуымен 40 млн. АҚШ долларын құрамақ. Венгрлік тараптыӊ серіктестігі Венгрияныӊ экспорттық-импорттық банкі болмақ.

Сондай-ақ, "КазАгроИнновация" АҚ ғылыми-зерттеу институттарымен Венгрияныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын өӊдеу, тұқым шаруашылығы, селекция және гендік қормен алмасу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу аясында ұсыныстар жолданды.

"Витафорт" венгрлік компаниясы Қазақстанда сүт саласымен мал шаруашылығына арналған жемшөпті өндіруді инвестициялау бойынша қызығушылық танытты. Бүгінгі таӊда компания Қазақстандағы азықтыӊ дақылдар нарығын саралауда. Өткен жылы компания өкілдері бірінші агроөнеркәсіп инвестициялық форумына қатысып, Ақмола облысындағы "Қазгер құс" ЖШС пен Қарағанды облысындағы "Мелькомбинат" АҚ аралады.

Кездесу барысында Министрлер венгрлік азық-түлік тауарларыныӊ көрмесіне қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны