11.08.2017, 17:58 4977

Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 73 үй салынуда

Бүгінгі күні Алматыда тұрғын үй және азаматтық бағыттағы 1140 объектініӊ құрылысы жүріп жатыр бұлардыӊ ішінде 762 құрылыс жеке инвестиция арқылы, ал 378 нысан бюджет арқылы қаржыландырылуда.

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Құрылысшы күніне арналған салтанатты шара өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ құттықтау сөзінде қаланыӊ ІӨӨ құрылыс секторыныӊ үлесі 262 млрд. теӊгені құрағанын атап өтті. Тек өткен жылдыӊ өзінде ғана 1,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға көп.

"Құрылысшы мамандығы барлық кезеӊде үлкен абырой мен құрметке ие.Сіздер тек қана үй, инфрақұрылым нысандарын салумен шектелмейсіздер. Қалалардыӊ архитектуралық келбет беретін де,экономиканы дамытатын да Сіздер. Құрылысшылардыӊ арқасында өмір сапалық жағынан оӊ сипатқа ие болып, азаматтардыӊ тұрмыс жағдайлары жақсарады. Өздеріӊіз білесіздер, Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оныӊ басты мақсаты- таяудағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарламаға тұрғын үй нарығын қолдаудыӊ кешенді шаралары енгізілген. Бұл, сөз жоқ, еліміздіӊ құрылыс саласын дамытуға жаӊа серпін береді. Біздіӊ негізгі міндетіміз - алматылықтардыӊ тұрғын үй мәселесін шешу. "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 73 үй салынуда, оныӊ 24-ініӊ құрылысы биылғы жылы аяқталады", - деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы 2015 жылдан бастап құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемініӊ 17%-ға артқанын айтты. Тек биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында құрылыс саласына 235 млрд. теӊге инвестиция бөлінген.

Бүгінгі күні Алматыда тұрғын үй және азаматтық бағыттағы 1140 объектініӊ құрылысы жүріп жатыр бұлардыӊ ішінде 762 құрылыс жеке инвестиция арқылы, ал 378 нысан бюджет арқылы қаржыландырылуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2016-2017 жылдары әкімдік тарапынан 1040 пәтерлі 19 тұрғын үй салынды. "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша биыл "Саялы", "Жас Қанат" ықшам аудандарында тағы 17 тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. "Ескі үйлерді сүру" қалалық бағдарламасы бойынша 3 жаӊа үй салынып, ескі үйлердіӊ тұрғындары жаӊа қонысқа көшірілді. Бүгінгі күні заманауи ықшам ауданға айналған Атлеттер ауылынан 1748 отбасы пәтер алды. Наурызбай ауданында соӊғы жылдары құрылыс кеӊ қанат жаюда.

Биылғы жылы білім беру жүйесініӊ 42 нысаныныӊ құрылысын салу және сейсмикалық қуатын нығайту қарастырылған. Оныӊ 29 объектісі биыл іске қосылады. Денсаулық сақтау саласыныӊ 18 обьектісі салынуда және жөнделуде. Жыл аяғына дейін 10 нысан пайдалануға беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына барынша қолайлы әрі жайлы жағдай жасау және экологияны жақсарту үшін Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүзеге асып, қайта жаӊғыру жұмыстары жүруде. Бұл көшелер жаяу жүргіншіге басымдық беру мақсатында қайта жасалуда, мұнда демалуға қолайлы қоғамдық кеӊістіктер, жаяу жүргінші аймақтары, веложолдар, жасыл желектер пайда болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны