11.12.2017, 19:50 4289

Алматыда "ORGANIC FUTURE'17" форумы өтті

Алматы қаласы Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы "OrganicKazakhstan" қоғамдық қорымен біріге отырып, Алматыда 8 желтоқсанда Қазақстандағы органикалық азық-түліктер өндірісін дамытуға арналған "ORGANIC FUTURE'17" форумын өткізді

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы қаласы Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы "OrganicKazakhstan" қоғамдық қорымен біріге отырып, Алматыда 8 желтоқсанда Қазақстандағы органикалық азық-түліктер өндірісін дамытуға арналған "ORGANIC FUTURE'17" форумын өткізді.

Талқылаудыӊ негізгі тақырыбы сала заӊнамасы мен органикалық өндірушілерді сертификаттау аясында шоғырланды.Форум жұмысын ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашып, отандық ауылшаруашылық саласында органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша баяндама жасап , "Елдегі биоорганика нарығы шаруалардыӊ тарапынан қолдауға ие бола қойған жоқ. Қазіргі уақытта елдіӊ тек 29 шаруалары ғана өз өнімдерін экспортқа биоорганикалық ретінде шығарып отыр. Қазақстанда, мысалы, 25 органикалық ауылшаруашылық дақылдары өндіріледі және олардыӊ 4 түрі ғана экспортталады. Себебі, өнім экспорты көлемін ұлғайту үшін әлемдік стандарттар сапасына сәйкестік сертификаты болуы қажет" - деді.

Пленарлық отырыста KAZFOAM - Қазақстанныӊ органикалық ауыл шаруашылық қозғалысы федерациясыныӊ президенті Евгений Климов ауыл шаруашылығыныӊ қоршаған ортаға тигіздіретін зияны туралы және органикалық өндіріс сол зияндарды азайтуға қосатын үлесі туралы әӊгімеледі.

Сондай-ақ форумда табысты іске асырылған органикалық жобалар ұсынылды:Органикалық жүзім мен шарап өндірісі "Био Тау Жер" ЖШС және экологиялық таза картоп "Стрелец Экологическое Земледелие" ЖШС. Экофермер Денис Тэн Алматыдағы эко-мекендерді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Ал Social Farm Agropark жобасыныӊ негізін қалаушы Илім Сайлыбаев органикалық шаруашылықты бәсекеге қабілетті және табысты ету жолдарын атап өтті.

Форумныӊ соӊғы бөлігінде пікірталас пен мастер-класстар өтті.

"Жасыл драйвер" жобасыныӊ негізін қалаушы Роман Саблин "экологиялық өмірдіӊ 6 техникасы" атты шеберлік сабағында қоршаған орта мен адамдардыӊ қалпына шын мәнінде не әсер ететіндігі мен гринвошинг (эко-пішімдегі алыпсатарлық) қолына қалай түсіп қалмау жолдарымен бөлісті. Өз органикалық өнімдерін экспорттауға қызыққан фермерлерге "Евразия Чек" ЖШС директоры Инна Бочарова органикалық өнімдерді еуропалық нарықта сертификаттау және тексеру ерекшеліктері туралы айтып берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны