19.06.2018, 21:17 7344

Алматыда ТМД-да баламасы жоқ жоғары технологиялы жаӊа зауыт салынды

"Алматыныӊ 50 драйвер жобалары" бастамасы аясында мегаполистіӊ Индустриялық аймағында "Tokyo Rope Manufacturing" трансұлттық корпорациясыныӊ инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын жаӊа зауыты техникалық тұрғыда ашылды.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Алматыныӊ 50 драйвер жобалары" бастамасы аясында мегаполистіӊ Индустриялық аймағында "Tokyo Rope Manufacturing" трансұлттық корпорациясыныӊ инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын жаӊа зауыты техникалық тұрғыда ашылды. Кәсіпорынныӊ ТМД-да баламасы жоқ және жапондық инвестиция есебінен салынды.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жоғары технологиялы зауыттыӊ ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ шетелдік инвестицияны тарту және республика аймағында инновациялық өндіріс құру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ашылғанын атап өтті.

Жаӊа кәсіпорында бұрғылайтын анкерлер, жоғары төзімді металл арқандар, тау және карьерлерде қолданылатын болат торлар шығаратын және техникалық параметрі жағынан өте құнды жабдықтар орнатылған. Зауыттыӊ қуаты жоғары, жылына 17 мыӊ тоннадан астам болат өнімдерін шығарады.

"Tokyo Rope Manufacturing" директорлар кеӊесініӊ төрағасы Шигето Танака Алматыныӊ барлық өӊірлерге озық жапон технологиясын таратудыӊ құнды нүктесі болғанын атап өтті.

"2016 жылы жобаныӊ алғашқы фазасы жүзеге асып, "Tokyo Rope Almaty" зауытыныӊ өнімдері ТМД елдері мен Парсы шығанағында, соныӊ ішінде Сауд Арабиясыныӊ ірі жобаларында қолданыла бастады. Алматы зауытыныӊ шағын өнімдері Есентай өзені жағалауыныӊ, Үлкен Алматы өзеніне дейінгі автожолдарды, Медеу- Шымбұлақ аспалы жол мен "Мыӊжылқы" бөгетініӊ беріктігін арттыруда пайдаланылды. Мен бүгінгі бірігіп атқарылған жұмыстыӊ Қазақстанға жапондық инвестицияныӊ жаӊа легініӊ келуіне серпін беретіндігіне сенімдімін", - деді Шигето Танака.

Жапондық компания 130 жылдан астам бұрын құрылған және болат арқандарын шығаруда әлемдік жетекші болып табылады. "Tokyo Rope" селге, тас, лай көшкіндеріне қарсы тұратын жабдықтар мен құрылғылар да шығарады. Жапон фирмасыныӊ болат арқандары әлемдегі 20 ірі көпірдіӊ 12-сініӊ құрылысында қолданылды. Жапонияда шығатын әрбір төртінші автодөӊгелекте Tokyo Rope өнімдері бар. Бұлардан өзге компания жедел лифтілер мен инженерлік қорғаныс өндірісі үшін жоғары сапалы арқандар шығарумен де танымал.

"Жалпы, Алматыныӊ Индустриялық аймағында қазіргі кезде құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеӊіл өнеркәсібі салалары бойынша 40-тан астам ірі отандық және шетелдік жобалалар жүзеге асуда. Биылғы жылы 9 жаӊа жоба енгізу жоспарланған, соныӊ ішінде кабель өткізгіш өнімдерін шығаратын ресейлік "КМК Investment" компаниясы, мұнай, газ су және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін үлкен диаметрлі болат құбырлар өндіретін Қазақстан- Қытай бірлескен "Asia Steel Pipe Corporation" кәсіпорны бар", - деп хабарлайды Алматы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны