21.02.2017, 23:20 4205

Алматыда үй кезегінде тұрғандарға 4967 пәтер беріледі

2016 жылы денсаулық сақтау саласына 92,1 млрд. теӊге бөлінген болатын, жыл ішіндегі өсім 31,2%-ды құрады, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылы денсаулық сақтау саласына 92,1 млрд. теӊге бөлінген болатын, жыл ішіндегі өсім 31,2%-ды құрады, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

2015 жылмен салыстарғанда 9 есе көп медициналық қондырғылар алынды. Жалпы, медицина орындарыныӊ жарақтануы 78,4% (Қазақстан бойынша - 72,3%). Келер жылы да қаржы көлемі осы деӊгейде қалады. Бұлардан өзге, онкологиялық диспансердіӊ қуаты 8 есе артады, жарық терапиясыныӊ замануи қондырғылары орнатылады.

Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхананыӊ, Алатау ауданында мәйітхананыӊ құрылысы басталады. 9 нысанныӊ сейсмикалық қуатын күшейтуге 2,5 есе көп қаржы бөлінді. 2017 жылы 3 селден қорғау бөгеті асы мен бір қорғаныс нысаныныӊ құрылысы да жоспарланған.

Қалада екінші жыл қатарынан тұрғын үй салу рекордтық көлемге жеткен, 2016 жылы 1,9 млн. Шаршы метр үй салынған, өсім 36%, бұл - 14,2 мыӊ пәтер. Үй кезегінде тұрғандарға 3156 пәтер берілді, кезек 17%-ға қысқарды. Биыл Атлеттер ауылын қоса есептегенде 1,5 есе (4967 пәтер) артты. Алғаш рет пәтер кезегі қағаздан электронды форматқа ауыстырылды.

Қала көлік құрылымын дамыту мен модернизациялауға да елеулі қаржы бөлуде. 2018 жылы салынатын екі жол айрығы Кіші айналма жолды қалыптастырып, көлік легін азайтады, Алтын Орда аумағында Алматы- Бішкек жол трассасын кеӊейту мұндағы көлік өткізу қабілетін арттырады. Бұлардан өзге Үлкен Алматы айналма автожолыныӊ құрылысы да транзиттік әлеуетті күшейтіп, көлік- логистикалық хаб ретіндегі агломерацияны қалыптастырады.

Көлік мәселесін шешу қала экологиясына да оӊ әсер етеді. 2016 жылы көліктен шығатын газдардыӊ залалын тексеру жөніндегі бақылау күшейтілді. Соныӊ арқасында 136 млн. теӊге (айыппұлдыӊ 82%) айыппұл өндірілді. Бүгінгі күні қоғамдық экологиялық таза көліктіӊ үлесі 60% - олар 215 троллейбус, 739 автобусты құрайды.

Қаладағы жанармай тарату бекеттерініӊ төрттен бірі газ отынын өткізеді, 2017 жылы олардыӊ санын арттыру көзделген. Қазірдіӊ өзінде электромобильдер үшін 27 зарядтау станциялары орнатылған. Бүгінгі күні қалаға қосылған елдімекендерді есептегенде қала аумағыныӊ 95%-дан астамы газдандарылған, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны