16.10.2017, 13:38 4889

Алматыда жыл басынан бері 50 ойын мекемесі жабылды

Бұл мәселелер Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында консультациялық кеӊестіӊ отырысында айтылды.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Салалық қауымдастықтар мен компанияларға жалған лотореялар мен ақша ұтысы бар интернет-ойындарыныӊ зиянды әсері туралы, сондай-ақ заӊсыз ойын бизнесімен айналысатын тұлғалардыӊ, жалпы аумақта сондай ойын автоматтарын орналастыру үшін орынжайды жалға берушілер мен олардыӊ иелерініӊ қылмыстық жауаптылығы туралы кезекті рет хабарланды.

Салық органдары заӊсыз ойын бизнесініӊ мәселесін көтерді.

Бұл мәселелер Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында Консультациялық кеӊестіӊ отырысында айтылды.

"Экономикалық тергеу қызметініӊ мәліметі бойынша 2017 жылдыӊ 8 айы ішінде 50 ойын мекемесініӊ заӊсыз жұмысы тоқтатылды. Оныӊ ішінде 43 мекеме электронды казиномен айналысса, 7 - ойын аппаратыныӊ залы. 617 компьютерлік техника, 246 теледидар, 117 электронды терминал, 21 ойын автоматы мен шамамен 6 млн теӊге ақшалай қаржы алынды", - деп хабарлады Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Асқар Тынысбеков.

Департамент басшысы бюджетке түсетін салық пен өзге де төлемдердіӊ болжанған көрсеткішін де баяндады. Алматыда 183 754 кәсіпкер (жұмыс істемегендерді есептемегенде) жұмыс істейді, оныӊ ішінде 74,9 мыӊы заӊды тұлға және 108,9 мыӊ - жеке кәсіпкерлік. Осы жылдыӊ 27 қыркүйегінде мәлімет бойынша Алматы қаласы бюджетініӊ кіріс бөлігінде 103%-ға орындалған, яғни 1 206 058 млн теӊге жоспарында 1 246 762 млн теӊге түсім есептелген. Өткен жылмен салыстырғанда 112% немесе 132 533 млн теӊгеге артық.

"Консультативтік-кеӊес беруші органныӊ алдыӊғы отырысыныӊ қорытындысы бойынша бизнестіӊ сауалына қатысты "Қазақтелеком" АҚ электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі каналы операторыныӊ өткізу қабілетін арттыру туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде каналдыӊ жүгі тұрақталды және 500 мбит/с дейін реттелді. Заӊнамаға кедендік тазалау кезінде шетелдік валютада операцияны қайта есептеуде пайда болатын тиын айырмашылығын есептеуге қатысты өзгерту енгізу ұсынысы бойынша жоғарыда аталған жағдайларды заӊнаманыӊ бұзылғаны деп қарамау және камералдық бақылау жүргізгенде әкімшілік жауапкершілікке тартпау шешімі қабылданды", - деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Кездесу барысында электронды шот-фактураны беру кезінде қайталанатын қателіктер, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері қаралды.

Консультативтік кеӊес отырысыныӊ мақсаты - кәсіпкерлік субъектілері мен салық және кеден істері саласында қызмет атқаратын тұлғаларға көмек беру, салық және кедендік реттеуді жетілдіру, әкімшіліктендірудіӊ тиімді тәсілдерін енгізу, елімізде бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны