28.06.2017, 19:19 4179

Алматыда жылдыӊ үздік тауар өндірушілері анықталды

Алматыда 1,5 мыӊ мыӊ өндіріс орындары арасында өткен "Қазақстанныӊ үздік тауары" атты 11-ші өӊірлік байқау- көрмесініӊ жеӊімпаздары анықталды.

Алматы. 28 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда 1,5 мыӊ мыӊ өндіріс орындары арасында өткен "Қазақстанныӊ үздік тауары" атты 11-ші өӊірлік байқау- көрмесініӊ жеӊімпаздары анықталды. Отандық жеӊіл және тамақ өнеркәсібі, жұмсақ жиһаз, көлік, өндіріс жабдықтары және басқалары арасындағы бәсеке "Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар", "Халыққа қажет үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары" атты үш номинация бойынша анықталды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жүлдегерлерді құттықтап, конкурсқа қатысқандардыӊ барлығы өз саласыныӊ көш бастаушылары екенін, олардыӊ тек мегаполистіӊ ғана емес, жалпы Қазақстан индустриясыныӊ дамуына үлес қосып жүргендерін, оған дәлел 45 мыӊ адам жұмыс жасайтын қала өндірісініӊ тұрақты дамып келе жатқаны екенін атап өтті.

"Мегаполис өндірісі 5 ай ішінде 4,6%-ға өсіп, 340 млрд. теӊгеніӊ өнімін шығарды, өнім өӊдеу өнеркәсібініӊ негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 9 млрд. теӊгеге жетті. Өткен жылы қала кәсіпкерлері инновацияға өздерініӊ 12 млрд. теӊге қаржысын жұмсады. Осыныӊ барлығы Мемлекет басшысы саясатыныӊ игі жемісі", - деді Б.Байбек.

Ол өзініӊ сөзінде қазіргі заманауи кезеӊде төртінші өндірістік революция барысында жаӊа технологияныӊ қарышты дамып, сандық технологияныӊ алдыӊғы сапқа шыққанын, соныӊ арқасында сапалы тауарлар өндіріліп, қайта жаӊғыру мен технологиялық жарақтануға инвестицияныӊ кеӊінен тартылатынын айтты.

"Алматыда 30 маусымда "Индустрия 4.0" атты VI Инновациялық форум өтеді, мұнда инновациялық экожүйе мен Smart City технологиясын енгізу талқалынады. Форум, бүгінгі шара сияқты - кәсіпкерлеріміздіӊ жетістігін көрсететін әрі тәжірибе алмасатын, өндіріс интеграциясын кеӊітетін алаӊ. Биылғы жылы нарық олимпінде жаӊа компаниялар мен брендтер жарқырап көрінді, дегенмен жеӊімпазды анықтайтын тек қана тұтынушы", - деді мегаполис әкімі.

Сонымен, байқау барысында үш номинация бойынша бірінші орындарды радиациялық бақылау приборларын шығаратын "СОЛО ЛТД" ЖШС, киім тігетін "Angelcher" ЖШС, "Ет өӊдейтін "Бижан" зауыты" ЖШС жеӊіп алды. Кейін өтетін "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық байқауында Алматыныныӊ намысын 9 компания (әр номинацияда үш жүлделі орын) қорғайтын болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: "Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаӊғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдіӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін құру қажет",- деді.

Бірінші басымдық - экономиканыӊ жеделдетілген технологиялық жаӊғыртылуы. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаӊа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маӊызды кешенді міндет.

Екінші кешенді міндет. Жаӊа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудыӊ кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын,- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны