10.12.2018, 01:39 6626

Алматыға орта есеппен тәулік сайын 600 мыӊ текше метр су беріледі

Орташа есеппен қалаға тәулік сайын 600 мыӊ текше метр су беріледі. Қалаға берілетін судыӊ 2/3 бөлігі 350-ден астам жер асты ұӊғымаларынан өндіріледі, ауыз судыӊ барлық көлемініӊ 1/3 бөлігі арнайы су дайындау станцияларында тазалау мен зарарсыздандырудыӊ толық циклынан өтетін тау өзендерінен келеді.
Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Алматы су" холдингі басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Алматы Су" МКК Алматы қаласы мен облысының тұтынушыларына сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетеді.


Кәсіпорын қызметінің мақсаты Алматы қаласының су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсету, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын жалпы қуаты тәулігіне 1379 мың текше метр жер асты және жер үсті су көздерін, 3 293 км су құбыры желілерін және 1 577 км кәріз желілерін, қуаттылығы тәулігіне 640 мың текше метр кәріз тазарту құрылыстарын пайдаланады.

Орташа есеппен қалаға тәулік сайын 600 мың текше метр су беріледі. Қалаға берілетін судың 2/3 бөлігі 350-ден астам жер асты ұңғымаларынан өндіріледі, ауыз судың барлық көлемінің 1/3 бөлігі арнайы су дайындау станцияларында тазалау мен зарарсыздандырудың толық циклынан өтетін тау өзендерінен келеді.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер 2014 жылғы қаңтардан бастап енгізілген және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз қалуда.

Тарифтер тұтынушылардың екі тобы бойынша сараланған:

- тұрғындар және жылумен қамтамасыз ету ұйымдары үшін сумен жабдықтау бойынша 1 текше метрге 55,56 теңге ҚҚС-мен; тұрғындар үшін су бұру бойынша 1 текше метрге 28,80 теңге ҚҚС-мен.

- басқа тұтынушылар - заңды тұлғалар үшін (сумен жабдықтау бойынша 1 текше метрге 152,74 теңге ҚҚС-мен және су бұру бойынша 1 текше метрге 52,61 теңге ҚҚС-мен) және Республикадағы ең төмен тарифтердің бірі болып табылады.

2017 жылы Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы 2,4 млрд.теңге сомасына толық көлемде орындалды, 2018 жылға инвестициялар 2,7 млрд. теңгені құрайды, орындалуы 100% құрайды.

Қызмет көрсетудің сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, шығындар мен апаттарды азайту үшін жыл сайын су құбыры мен кәріз желілерін қайта жаңарту жүргізіледі. Желілерде бекіткіш-реттегіш арматурасы ауыстырылады.

o 9,3 км су құбыры желілері мен 2,3 км кәріз желілерін қайта жаңарту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;

o 2 бірлік ТСР және 3 сорғы станцияларын жөндеу жұмыстары аяқталды;

o 200 км астам су құбырында жуу жұмыстары жүргізілді, 349 км кәріз желілері тазартылды, 906 (7,8 мың) өрт сөндіру гидранттары, 1945 бекіту арматуралары (27 мың), 150 сорғы жабдықтары ауыстырылды және жөнделді, 19 мың (80 мыңнан астам) кәріз құдықтары мен камералары тазаланды, 1000 астам құдықтар жөнделді, 300 астам кәріз люктері ауыстырылды.

Кәсіпорынның өндірістік процесі энергия сыйымды болып табылады, сумен жабдықтау қызметтерінің шығынындағы электр энергиясының үлесі 20% құрайды. Инвестициялардың басым бағыттары энергия үнемдеу - сорғы жабдықтарын (батырмалы және ортадан тепкіш сорғыларды) ауыстыру, ауа үрлейтін кәріз машиналарын жаңғырту жөніндегі іс - шаралар болып табылады.

Цифрлық су арнасы" бағдарламасы аясында 19-20 жылдары су өндіру мен су дайындау процесінен бастап тұтынушыға су берілгенге дейін, сарқынды суларды бұру мен тазартуға дейін барлық өндірістік тізбекті толығымен автоматтандыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру электр тұтынуды төмендетуге, апаттық бригадалар қызметтерінің жедел болуына, жабдықтардың тозу деңгейін қысқартуға және тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.


Мамыр айынан бастап дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Белсенді жұмыстардың арқасында, соның ішінде борышкерлерді су құбыры мен кәрізден ажырату сияқты қатаң шараларды қолдана отырып, тұрғындар мен заңды тұлғалардың қарызы екі есеге төмендеді.

Дебиторлық берешекті азайту мақсатында іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде:

- Борышкерлерді қызметтен ажырату (2018 жылы 15,6 мың абонент қызметтен ажыратылды)

- Сот органдарына 1833 талап-арызы берілді

- Борышкерлерге қатысты орындау жазбасын жасауға нотариуспен шарт жасалды. Орындау жазбасы сот шешімінің күшімен теңестіріледі және ЖСО орындауы үшін тікелей ұсыныла алады.

3 ай ішінде нотариустарға 847 іс берілді.

- жыл басынан ЖСО 1727 материал берілді

- ЖСО-мен жұмыс жақсарды, ЖСО саны 16-ға дейін артты.Мамыр айында су мен кәріз үшін қарыз сомасы 300 млн. - нан асатын еді, қазіргі уақытта 100 млн. - ға дейін төмендеді.

Джарболов Нұриддин Мүсірұлы - "Холдинг Алматы Су" МКҚ директорының орынбасары,бас инженер;

Нахметова Гүлнар Майданқызы - "Холдинг Алматы Су" МКҚ директорының орынбасары,су құбыры желілері департаментінің директоры;

Сайлаубай Айдын Сайлаубайұлы - Коммерциялық директор; Өтім жөніндегі департамент директоры;

Шагиров Серік Ғабдоллаұлы - "Алматы Су" МКК ресми өкілі;Ақпарат және қоғамдық байланыстар бөлімінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны