18.10.2017, 18:05 5927

Алматыны сүтпен қамтамасыз етуші өндіріс еліміздегі ірі сүт кластерін қалыптастыруға 5 млрд. теӊгеге жуық инвестиция жұмсады

"Адал" сүт кластеріне жұмсалған инвестицияныӊ жалпы көлемі 5 млрд. жуық теӊгені құрады, оныӊ 2,5 млрд. теӊгеден астамы жаӊа сүт зауыты құрылысына, мега-ферманы құруға 1,6 млрд.теӊгесі, оныӊ ішінде 2023 жылға дейін қаржыландыру мерзімімен "КазАгроФинанс" желісі бойынша қарызға алынған қаражат тартылды.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - "Адал" агороөнеркәсіптік компаниясы" АҚ өзініӊ 5 жылдық даму бағдарламасын сәтті іске асырды, нәтижесінде заманауи Мега-ферма мен жаӊа сүт зауытын, сондай-ақ, жем өндірісін біріктірген аса ірі сүт кластері құрылды.

"Адал" сүт кластеріне жұмсалған инвестицияныӊ жалпы көлемі 5 млрд. жуық теӊгені құрады, оныӊ 2,5 млрд. теӊгеден астамы жаӊа сүт зауыты құрылысына, мега-ферманы құруға 1,6 млрд.теӊгесі, оныӊ ішінде 2023 жылға дейін қаржыландыру мерзімімен "КазАгроФинанс" желісі бойынша қарызға алынған қаражат тартылды.

"Агроөнеркәсіп кешені өнімініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру бүгінгі таӊда мемлекеттіӊ басты міндеттерініӊ біріне айналуда, ал тағам өндірісініӊ индустриясы алдында республика тұрғындарын сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа шығару үшін бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсаттары тұр. Даму бағдарламасын іске асыру арқылы біз толық циклді заманауи өндірісті жасай алдық, бұл сүт өнімдері нарығында компанияныӊ көшбасшылық позициясын нығайтуда өзекті болып табылады және "Адал" өнімін өӊірлік нарықтарға шығуға мүмкіндік тудырады", - дейді "Адал" агороөнеркәсіптік компаниясы" АҚ бас директоры Серік Смайлов.

Қазір Мега-фермадағы мал басыныӊ саны 1000 артық сауын сиырларын құрайды, ал тайынша-торпақты қоса алғанда 3000-нан асады. 2020 жылға қарай сауын сиырларыныӊ санын 2000-ға дейін өсіру жоспарлануда, бұл шикі сүтке "Адалдыӊ" өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2014 - 2017 жылдар аралығында орташа сауын мөлшері әр сиырға шаққанда жылына 5 мыӊнан 7,5 мыӊ литрге дейін ұлғайтылды. 2019 жылға дейін бұл санды жылына 9-9,5 мыӊ литрге дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл жетекші еуропалық сүт өндірушілердіӊ деӊгейіне сәйкес келеді.

"Адал" агороөнеркәсіптік компаниясы" АҚ-ныӊ ауылшаруашылығы жөніндегі директоры Медетхан Игіліковтыӊ айтуынша, селекциялық озық тәсілдерді пайдаланудыӊ арқасында 60-70 пайыз ұрғашы төл тууыныӊ нәтижесінде жоғары сапалы сүтті түлік саны артып келеді. Мегафермада Алматы төӊірегіндегі үш ауылдыӊ 300-ге тарта адамы жұмыс тапқан.

Компания жоғары нәтижелерге сиыр табыныӊ атоматтандырылған басқару жөніндегі заманауи жүйені енгізу есебінен қол жеткізді, бұл жүйе әр сиыр бойынша тіршілік әрекетініӊ барлық өзекті көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде бақылауға, күнделікті бақылауды жүзеге асыруға және барлық қажетті іс-әрекеттерді жедел қолдануға мүмкіндік береді. Осындай тәсіл 2017-2020 жылдары аралығында 2 есе арттыруға жоспарланған табынныӊ түгелдігі мен өсімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ферма заманауи сиыр қораларымен жасақталған, оларда қолайлы күтім жасау үшін барлық жағдайлар бар: жылытылатын астаулар, демалуға арналған ыӊғайлы матрастар, автоматтандырылған уқалайтын шөткелер, себезгі қондырғылар, желдеткіш және микроклиматты қолдайтын жүйелер. Мұнда барлық түйісетін элементтерді тұрақты автоматты жуу, экспресс-талдау және сүтті сұрыптау есебінен сүттіӊ тазалығын қамтамасыз ететін, тек қана жоғары технологиялық сауу жабдықтарын қолданады.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігініӊ деректеріне сәйкес, Қазақстанға жылына шикі сүттіӊ 900 мыӊ тоннасы жетіспейді. Шикізаттыӊ 70%-дан артығы жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырланған, бұл шикі сүтті жинау бойынша жұмысты күрделіндіріп қоймай, сонымен бірге жеке шаруашылықтарда өндірілетін сүттіӊ сапасына дә әсерін тигізеді. "Адал" компаниясы "ферма-зауыт" жеке меншік кешенді құрып мәселенініӊ шешімін тапты, бұл қазірден бастап өндірушіге негізгі көрсеткіштер бойынша шикі сүттіӊ сапасын жоғарғы сұрыпты деӊгейге дейін жақсартуға және "Жоғары сүт стандарты" халықаралық белгісімен сүтті қоса, табиғи дәстүрлі сүт өнімдерін шығаруды реттеуге мүмкіндік берді.

Жаӊа "Адал" АӨК" АҚ сүт зауыты толығымен автоматтандырылған және жетекші еуропалық өндірушілердіӊ заманауи жабдықтарымен жасақталған, оларды енгізумен сүтті өндеудіӊ жалпы қуаты тәулігіне 200 тоннаға дейін ұлғайтылды. Үш жаӊа өндірістік желі енгізілді, оныӊ ішінде екі асептикалық, барлық өндірістік үдерістерді автоматтандыру жүзеге асырылған және өндірістіӊ барлық кезеӊдерінде сапаны автоматты бақылау енгізілген. Шығарылатын өнімдер түрініӊ саны 45-тен 56 атауға дейін ұлғайтылды, 5 өнім - қаптамасында "Жоғары сүт стандарты" белгісі бар сүт. Бұл сүттіӊ қауіпсіздік және пайдасыныӊ халықаралық айырықша белгісі, сүт 4 секунд ішінде 137 температурада ерекше жылу өндеуден өткенін білдіреді. Осындай әдіс сүтті ашытатын барлық зиянды бактерияларды жояды және дәрумендер мен басқа пайдалы микроэлементтерді сақтап қалады. Ал жарық, ауа, ылғал әсер етуінен қорғайтын, өнімніӊ толық герметикалығын қамтамасыз ететін құюдыӊ зарарсыздандырылған жағдайлары және Tetra Pak көп қабатты асептикалық картон қаптамасыныӊ ерекшелік есебінен, "Жоғары сүт стандарты" белгісі бар сүт тұтынушылардыӊ заманауи қажеттіліктері мен ыӊғайлығын қамтамасыз ету үшін кәдімгі сүттен ұзақ сақталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны