07.06.2018, 17:49 7499

Алматыныӊ адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде мегаполистіӊ көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымыныӊ құрылыс қарқынын тексерді. Бірнеше сағат ішінде қала басшысы Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов және Тимирязев көшелерін аралап шықты.

Алматы. 7 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде мегаполистіӊ көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымыныӊ құрылыс қарқынын тексерді. Бірнеше сағат ішінде қала басшысы Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов және Тимирязев көшелерін аралап шықты.

Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесініӊ бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысыныӊ сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада "Атакенттіӊ" кіре беріс аркаларыныӊ алаӊдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердіӊ назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерініӊ бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.

Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерініӊ бойында BRT желілерініӊ қозғалыс бөлігін кеӊейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудыӊ кешенді жүргізілуі, заӊсыз құрылыстардыӊ, қоршаулардыӊ алынуы, нысандардыӊ сыртқы келбетініӊ бірыӊғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаӊдардыӊ азайып, жасылдандырудыӊ артуы тиіс екенін атап өтті.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізініӊ адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымныӊ ұзындығы 2,7 км болатын жерініӊ қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.

"Қазіргі кезде кіші айналма жолдыӊ өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеӊеюде. Қаланыӊ барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз", - деді Т.Хосчанов.

Бірініші фаза бағытыныӊ ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.

Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттыӊ екінші фазасыныӊ құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан - Төле би - ВОАД - Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.

Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.

Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары түгелдей жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны