22.09.2017, 18:37 5757

"Almaty Invest 2017" Халықаралық инвестициялық форумы 5 қазанда өтеді

Форумныӊ басым міндеті шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ іске асырылған жобалармен қатар инвестициялар салуды қажет ететін келешек жобалардыӊ да тұсау кесерлерін көрсету болып табылады.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 5 қазанда "Almaty Invest 2017" Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумныӊ ұйымдастырушысы Алматы қаласыныӊ әкімдігі болып табылады. "Almaty Invest" жыл сайын өзініӊ алаӊында беделді саясаткерлерді, әлемдік және қазақстандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттары және халықаралық ұйымдар басшыларын қоса алғанда, шамамен 500 жоғары шенді қатысушыларды жинайды. Форумға ТМД елдерінен, Еуропалық одақтан, Жапониядан, Кореядан, ҚХР, Түркиядан, Үндістаннан және т.б. елдерден қонақтар келеді деп күтілуде.

Форумныӊ басым міндеті шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ іске асырылған жобалармен қатар инвестициялар салуды қажет ететін келешек жобалардыӊ да тұсау кесерлерін көрсету болып табылады.

Осы жылы бағдарламада логистикаға, білім саласына, тамақ өнеркәсібіне және кино өндірісіне арналған 4 секция көзделген. Бұл бағыттардыӊ барлығы - іске асыруға арналған басым және келешек бағыттар, бұдан басқа, олар соӊғы 5 жыл ішінде қаржыландырылған нақты бизнес-жобаларды айқындайды.

Форумда Македония Республикасыныӊ Инвестициялар жөніндегі экс-министрі Глигор Ташкович мырза, "Sethia Group" India & UK төрағасы, Newby Teas негізін қалаушы Нирмал Кумар Сетия, "Selma group" құрылтайшысы, "Cameroil & TEC AG" бас директоры Майкл Боно, ТВ-продюсері, MTV ТА продюсері Ричард Корам, ірі қазақстандық инвестор Айдан Кәрібжанов, тәуелсіз экономист Рахым Ошақбаев және басқалар сөз сөйлейді.

Бұдан бұрын 2016 жылғы желтоқсанда өткен форум шеӊберінде 316,6 млрд. теӊгеге 40 инвестициялық шарт жасалды. Қазір 7,7 млрд. теӊгеніӊ 5 жобасы іске асырылды, 1230 жұмыс орны құрылды. Ұйымдастырушылар жаӊа форум нәтижесінде тағы да тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды көздеп отыр,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны