20.02.2017, 19:11 4559

Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы болып тағайындалды

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасыныӊ шешімімен Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқармасыныӊ төрағасы болып тағайындалды,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасыныӊ шешімімен Асқар Достияров "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқармасыныӊ төрағасы болып тағайындалды,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Асқар Достияровтыӊ шетелдік инвесторларды тартуын қоса алғанда, қаржы саласындағы 16 жылдық жұмыс өтілі бар.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниясыныӊ тобында Асқар Достияров 2013 жылдан қызмет етуде. "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары, Басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары, "Бәйтерек" холдингі Басқармасыныӊ мүшесі - Басқарушы директор лауазымдарын атқарған.

Асқар Достияров әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті, School of Business, the George Washington University (MBA) оқу орындарын аяқтаған.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы - тікелей инвестициялар қорыныӊ қоры. Қазақстанда privat equity тиімді нарығын дамыту және активтерді басқарудыӊ үздік әлемдік практикасын енгізу мақсатында құрылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны