20.10.2017, 18:32 6924

"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен EXANTE Қазақстандағы криптоактивтер нарығын дамытып, алға жылжытуға уағдаласты

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясы Қазақстандағы криптоактивтер нарығын дамытып, алға жылжытуға және АХҚО-ны технологиялардыӊ халықаралық экспертиза орталығы ретінде алға жылжыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясы Қазақстандағы криптоактивтер нарығын дамытып, алға жылжытуға және АХҚО-ны технологиялардыӊ халықаралық экспертиза орталығы ретінде алға жылжыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, өз портфолиосында сәтті блокчейн-жобаларға ие EXANTE компаниясы криптоактивтер нарығын реттеу мәселелері, финтех-экожүйесін дамытуға қолдау көрсету үшін АХҚО-ныӊ актілерін дайындауға белсене қатысады.

Тараптар қаржы реттеушілерініӊ финтех-компанияларын дамыту үшін жағымды жағдайларды жасауда белсенді жұмыс істейтінін айтты.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы өз кезегінде ғаламдық инновациялық қаржы хабтарыныӊ біріне айнала алады.

Блокчейн технологияларына әр елдердіӊ үкіметтері жіті назар аударып отыр. Қазақстан өз кезегінде осы саладағы ғаламдық көшбасшы болу жолында нақты қадамдар жасап отыр. Цифрлық активтер нарығыныӊ дамуына қатысты оптимистік болжамымен EXANTE Басқарушы серіктесі Григорий Клумов бөлісті.

"Блокчейн -технология өзініӊ бірнеше артықшылығымен белгілі. Олар: ашықтық, берілген ақпараттардыӊ өзгермеуі, жылдам транзакциялар және оларды өӊдеудіӊ қымбат еместігі. Нарықтыӊ тез дамуына тек осы артықшылықтардыӊ өзі жеткілікті. Ғаламдық ақша массасыныӊ көрсеткіші (М2) жыл сайын 6% артып, қазірдіӊ өзінде 50 трлн долларды құрап отыр (Қытайды айтпағанда). Біздіӊ есептеуіміз бойынша, цифрлық активтер нарығы әр екі жыл сайын арту әлеуетіне ие. Біздіӊ негізгі мақсатымыз - орталықтандырылмаған қаржы жүйесі мен қоғамныӊ арасын байланыстыратын тетікке айналу",-деді Г. Клумов.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

EXANTE- 2011 жылы Мальтада құрылған халықаралық инвестициялық компания. Қазіргі күні әлемніӊ 10 елінде өз өкілдігі бар. 2016 жылы оныӊ жылдық айналымы 350 млрд.АҚШ долларын құрады. Компания MFSA, CySEC бойынша лицензиясы бар, FCA UK-де авторизациядан өткен. Илемніӊ еӊ ірі қаржы нарықтарына тіке шығып, компанияныӊ мамандары дайындаған өзіндік сауда терминалы арқылы акция, фьючерс, опцион, фонд, облигациялармен, әртүрлі валюталар, металл, цифрлық активтермен сауда жасай алады.

2012 жылы EXANTE негізін қалаушылары Bitcoin Fund атты өзіндік криптовалюталық хедж-қор арқылы инвесторларға биткойн курсына қатысты пайда табу мүмкіндігін берді. Құрылғанынан кейінгі бір жыл ішінде өзініӊ түсімін 4847% арттырып, 2017 жылы бұл көрсеткішті 10 262%-ға арттырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны