20.03.2018, 20:12 3681

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ делегациясы Мальта Республикасына барды

Мальта Еуропа Одағыныӊ икемді реттеуші және салық тәртіптемесі бар қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығыныӊ бірі болып табылады

Астана. 20 наурыз. Kazakhstan Today - "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ (бұдан әрі - АХҚО) делегациясы байланыс орнату және қаржылық қызметтер нарығын дамыту тәжірибесін зерделеу мақсатында Мальта Республикасына барды. Мальта Еуропа Одағыныӊ икемді реттеуші және салық тәртіптемесі бар қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығыныӊ бірі болып табылады. АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов Мальта Республикасы Үкіметі өкілдерімен, "Malta Financial Services Authority" қаржы нарығы реттеушісініӊ басшылығымен, "FinanceMalta" және "FundIndustryAssociation" қаржы ұйымдарымен, сонымен қатар Мальта қор биржасымен келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа, сапар барысында мемлекеттік органдардыӊ, соныӊ ішінде Мальта резиденттерін тіркеу агенттігініӊ (MaltaResidencyVisaAgency) және "Henley&Partners", "ChetcutiCauchiAdvocates"жетекші заӊгерлік фирмалардыӊөкілдеріменкездесулер өткізілді. Өткізілген кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде тараптар ақпарат алмасуға, АХҚО-ны дамытудыӊ негізгі стратегиялық бағыттары бойынша бірлесіп семинарлар, дөӊгелек үстелдер және іс-шараларды өткізуге уағдаласты.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Malta Financial Service Authority (Мальта қаржы қызметтері басқармасы) - кредиттік-қаржы секторындағы, сонымен қатар банк саласындағы реттеу және қадағалау жүргізетін Мальта Республикасыныӊ мемлекеттік органы.

MaltaResidence&VisaAgency (MRVA) - 2017 жылдыӊ шілде айында құрылған арнайы мемлекеттік агенттік. Агенттіктіӊ басты мақсаты MaltaResidence&VisaProgramme (MRVP) бағдарламасына қатысып отырған инвесторлардыӊ қызмет көрсету спектрін жақсарту және өтініш беретіндердіӊ кәсіби деӊгейін арттыру болып табылады. MRVA жұмысы MRVP бағдарламасын Еуропа мен әлемдегі резиденттік бағдарламалардыӊ ішінде еӊ тартымды бағдарлама ретінде жасады.

FinanceMalta - қаржылық қызметтерді дамыту үшін шараларды қолдана алатын өкілеттіктер берілген мемлекеттікжекеменшік серіктестік. Еуропа Одағыныӊ мүшесі бола отырып, Мальта халықаралық бизнеске, жоғары деӊгейдегі инвестициялық резиденттіктіӊ кәсіби қызметтері, инфрақұрылыммен, дамыған реттеу мен құқықтық құзыреттерге елеулі артылықшылықтарын ұсынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны