05.10.2018, 15:56 5932

Астана, СҚО, Қостанай және Атырау облысы әкімдіктері 6,6 млрд теӊгеге облигация шығарды

Қазақстан қор биржасыныӊ аумағында 6,6 млрд теӊгені орналастыруға жергілікті атқарушы органдар облигацияларыныӊ мамандандырылған саудасы өтті.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - КАSЕ Қазақстан қор биржасыныӊ аумағында 6,6 млрд теӊгені орналастыруға жергілікті атқарушы органдар облигацияларыныӊ мамандандырылған саудасы өтті. Мемлекттік бағалы қағаздарды сатып алушы болып "Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ болды.Бір облигацияныӊ номиналды бағасы 1 мыӊ теӊге. Бағалы қағаздар 0,35% жылдық купондық ставкасымен екі жыл мерзімге шығарылды.

"Компания муниципалды облигацияларды Астана қаласы - сомасы 2,5 млрд теӊгеге, Қостанай облысы- 1,9 млрд теӊгеге, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы 1,2 млрд және 1.0 млрд теӊгеге",-деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Алтай Куздибаев.

Ол әкімдіктіӊ қарыз бағалы қағаздарды сатып алуды 2016 жылдан "Бәйтерек девелопмент" тұрғын құрылысын қаржыландыру үшін екенін атап өтті. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар жаӊа үйлерді пайдалануға беріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісалымшыларына пәтерлерді өткізді.

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, жалдамалы тұрғын үйлерді өткізуден түскен қаржы револьверлік прицип бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ облигацияларын алуға реинвестиция жасалды.

"Ағымдағы жылда ертеректе алынған сомасы 43,2 млрд теӊгелік облигацияларды өтеу жоспарланған болатын. Астана Алматы және Шымкент қаласы, облыс әкімдіктері толықтай "Бәйтерек девелопмент" АҚ алдындағы міндеттемелерін өтеді.Бұл олардыӊ бұдан әрі кезекті облигациялық қарыз алуға және тұрғын үй құрылысын салуға мүмкіндік берді",-деп атап өтті компания өкілі.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ -"Бәйтерек"ҰБХ" еншілес ұйымы- Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалға және несиеге беру құрылысын қаржыландырады. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардан облигация сатып алу бойынша қаржыландырудыӊ бірегей операторы болып табылады. 100,9 млрд теӊгеге облигация сатып алу жоспарланған болса, ағымдағы жылда әкімдіктіӊ мемлекеттік бағалы қағаздары 77,3 млрд.теӊгеге алынды.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны