14.12.2018, 17:51 4379

Астанада Қазақстан қор биржасыныӊ 25 жылдығына арналған KASE day in Astana іс-шарасы өтті

Құрылған сәттен бастап KASE Қазақстанныӊ қаржы нарығыныӊ ажырамас құрылымдық бөлігі борлып табылып, отандық экономикада маӊызды орын алады. Биржа бағалы қағаздар нарығын капитал тарту көздерініӊ бірі және инвестициялар диверсификациясыныӊ әдісі ретінде қалыптастырып, ұсынады.

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 7 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Астана қаласында Биржаныӊ 25 жылдығына арналған KASE day in Astana таӊғы бизнес-ас өткізді.

KASE жетекшілігі іс-шараға қатысушыларға Биржаныӊ қызметі, биржалық нарықтыӊ ағымдағы трендтері және KASE жобалары туралы әӊгімеледі. Биржаныӊ өкілдері Биржа стратегиясын іске асыру шегінде KASE дамуыныӊ жуырдағы үш жылдық жоспарымен және Қазақстанныӊ қаржы нарығындағы ағымдағы жағдай туралы ақпараттандырды.

Таӊғы бизнес-ас барысында Биржаныӊ өнімдері мен қызметтері, жаӊа мүмкіндіктер,бизнес үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы әӊгімеледі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, ұлттық компаниялардыӊ топ-менеджерлері, ірі жекекомпаниялардыӊ жетекшілері, жетекші отандық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері шақырылды.

Құрылған сәттен бастап KASE Қазақстанныӊ қаржы нарығыныӊ ажырамас құрылымдық бөлігі борлып табылып, отандық экономикада маӊызды орын алады. Биржа бағалы қағаздар нарығын капитал тарту көздерініӊ бірі және инвестициялар диверсификациясыныӊ әдісі ретінде қалыптастырып, ұсынады.

Bloomberg мәліметтері бойынша, 2016-2018 жж. KASE Индексі еӊ тез дамып келе жатқан қор индекстерініӊ ТОП-3 кірді. Соӊғы бес жылда KASE акциялар нарығыныӊ капитализациясы үш еседен астам артып, ал жалпы сауда-саттықтар көлемі бес есеге өсті.

Биржаныӊ ақпараттар ұсыну және тұрғындардыӊ қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін арттыру бойынша белсенді саясаты арқасында, Қазақстандағы жеке инвесторлардыӊ саны тұрақты өсіп келе жатыр. Орталық бағалы қағаздар депозитарийініӊ есепке алу жүйесінде жеке тұлғалардыӊ 113 мыӊнан астам есеп-шоттары ашылды.

KASE қазақстандық компанияларға қаржылық ағымдарды тиімді басқару үшін құралдардыӊ кеӊ спектрын ұсынады.

Бүгінгі таӊда отандық компаниялар KASE арқылы өзініӊ әрбір даму кезеӊінде қаржы тартудыӊ ерекше мүмкіндігіне - жоба стартапынан бизнесті дамытуға дейін мүмкіндіктерге ие бола алады.

Сол үшін 2018 жылы KASE компанияныӊ өмірлік циклініӊ әрбір кезеӊініӊ талаптарына жауап беретін, алаӊдар құру процесін аяқтады. Атап айтсақ, KASE Startup, KASE Private Market, Балама және Негізгі сауда-саттық алаӊдары.

2016 жылы Биржа "Коммерциялық облигациялар" биржалық өнімін әзірлеп, оны енгізді. Ол нарықтағы өтімділік тапшылығы жағдайында кассалық үйлеспеушілікті басқару үшін тиімді құрал болып табылды.

2018 жылы KASE компанияныӊ валюталық позициясын басқару тиімділігін арттыру үшін есептесуі АҚШ долларымен листингілік еурооблигациялармен сауда-саттықты іске қосты.

KASE жаӊа даму стратегиясын дамыту аясында бағдарламалық қамтамасыз етуді жаӊғыртуды, барлық биржалық нарықтарда орталық контрагентті іске қосуды, клирингілік сервисті кеӊейту және жаӊа қаржы құралдарын енгізуді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия аймағындағы жетекші қор биржасы және қаржы нарығында жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз қор биржа болып табылады. Бұл - репо нарығыныӊ құралдары, шетел валюталары, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарыныӊ облигациялары, сондай-ақ туынды қаржы құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаӊы болып табылады.

KASE Биржа федерациясыныӊ (WFE), Еуро-Азиялық қор биржалар федерациясыныӊ (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби қауымдастықтарыныӊ мүшесі болып табылады. 2015 жылы биржа БҰҰ-ныӊ "Қор биржасы тұрақты даму үшін" бастамасына қосылды. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМДӊ қор биржаларыныӊ арасында екінші орын, ал FEAS қор биржаларыныӊ арасында нарықтық капиталдандыру деӊгейінде алтыншы орын алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны