12.01.2017, 09:34 4433

Астананыӊ жаӊа теміржол вокзалы 2017 жылдыӊ мамыр айында пайдалануға беріледі

Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таӊда Астананыӊ вокзал кешенініӊ және теміржол торабыныӊ әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Астана қаласыныӊ жаӊа теміржол вокзалыныӊ құрылысы және Астана станциясыныӊ теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеӊес өтті.

Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таӊда Астананыӊ вокзал кешенініӊ және теміржол торабыныӊ әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бетон жұмыстары, ғимараттыӊ металл қаӊқасын құру, шатыр жұмыстары, ғимараттыӊ жылыту бөлігініӊ қасбеттерін қаптау аяқталды, орталықтан жылыту іске қосылды.

Кірме теміржол эстакадасында металл аралық құрылыстарын құру аяқталды, шуылдан қорғау экраныныӊ тірек бөліктері мен металл құрылыстарын монтаждау соӊына таяп қалды, жолдыӊ жоғарғы құрылысы салынып жатыр.

Вокзалдыӊ карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдыӊ жылытылмайтын бөлігініӊ қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталды.

Вокзал ғимаратыныӊ ішіндегі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

2017 жылдыӊ 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Елорданыӊ жаӊа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарыныӊ барысы туралы Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардыӊ басшыларыныӊ құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаӊа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметініӊ жұмыстары туралы есептері тыӊдалды.

Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананыӊ жаӊа теміржол вокзалыныӊ өткізу қабілеті - тәулігіне 35 мыӊ жолаушы.

Көшпелі кеӊес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А. Мамин вокзал кешені мен Астана станциясыныӊ теміржол торабы құрылысын аяқтауға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол аталған нысандардыӊ ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаӊында сапалы әрі уақытылы тапсырылуыныӊ маӊыздылығын айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны