17.12.2017, 18:47 4263

Атырау мұнай өӊдеу зауытында мұнайды тереӊдетіп өӊдеу кешенініӊ іске қосу жұмыстары жүргізілуде

МТӨК аясында 12 технологиялық құрылғы және 40-тан астам зауыт шаруашылығындағы обьектілер тұрғызылды. Құрылыс барысында 1000 дана ірі құрылғылар жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылды.

Атырау. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 15 желтоқсанында үшінші жаӊғыру кезеӊініӊ аяқталуы аясында Атырау мұнай өӊдеу зауытында Мұнайды тереӊдетіп өӊдеу кешенін іске қосу жұмыстары басталды. Шараға Атырау облысы әкімдігініӊ өкілдері және "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ басшылары мен мердігер мекемелер қатысты. Ашылу рәсімінде"АМӨЗ" ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин сөз сөйледі: "Мұнайды тереӊдетіп өӊдеу кешені іске қосылған соӊ зауыттағы мұнай өӊдеу көлемі жылына 5-тен 5,5 миллион тоннаға дейін артады, ал автокөлік жанармайын өӊдеу жылына 1,7 миллион тоннаға дейін, дизель шығару 1,4 млн тоннаға дейін, авиакеросин болса 244 мыӊ тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өӊдеу зауыты К4 және К5 (яғни Евро-4 және Евро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып мұнай өӊдеу тереӊдігін 84%-ға дейін ұлғайтады".

Атырау облысы әкімімініӊ бірінші орынбасары С.Е.Лұқпанов өз сөзінде Атырау мұнай өӊдеу зауытындағы жаӊғырудыӊ стратегиялық маӊызын атап өтті. Бұл батыс өӊірі үшін ғана емес, тұтас еліміз үшін маӊызды жаӊалық.Ел экономикасын және соныӊ ішінде мұнайды өӊдеу саласын жаӊа деӊгейге көтеруге ат салысады. Каталитикалық крекинг қондырғысында алдын-ала жұмыс барысында зауыт қызметкерлері және Axens компаниясыныӊ лицензиялық фирмасыныӊ өкілдерімен бірлесіп, центрифугалық компрессорды сынап, цистерналарда тепе-теӊдік катализаторын жүктеді және зауыттыӊ әртүрлі бөліктерінде басқа жұмыстарды жүктеді. Еске салайық, үстіміздегі жылдыӊ маусым айында қуаты 20 МВт-тан астам каталитикалық крекинг қондырғысыныӊ пилоттық электр станциясы (осьтік компрессор) сынақтан өтті. Бұл агрегат өзініӊ өлшемімен және Қазақстандағы энергиялық белсенділіктіӊ бірегейлігімен ерекшеленеді.

Анықтама үшін:

"АМӨЗ-дегі мұнайды тереӊірек өндіру кешенініӊ" жобасы Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан үшінші, зауыт жаӊғыруыныӊ соӊғы кезеӊі.

МТӨК аясында 12 технологиялық құрылғы және 40-тан астам зауыт шаруашылығындағы обьектілер тұрғызылды. Құрылыс барысында 1000 дана ірі құрылғылар жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылды. МТӨК жүзеге асыру барысында 490 жаӊа жұмыс орны ашылды. Басқарушы және өндіруші қызметтегі ұжымныӊ басым бөлігі зауыттыӊ резервтегі кадрларынан құрылды. МТӨК қызметкерлері еліміздегі және шетелдердегі мұнай өӊдеу зауыттарында теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны