18.11.2017, 14:44 5774

Байқоӊыр қаласындағы алғашқы әлеуметтік нысандар Қазақстанныӊ газ тарату жүйесіне қосылды

Осыған дейін сұйытылған газ пайдаланып келген Байқоӊыр қаласыныӊ тұрғындары үшін бұл - айтулы оқиға. Қалаға табиғи газ берілуі - шағын және орта бизнесті дамытып, жаӊа жұмыс орындарын ашуға, яғни әлеуметтік-экономикалық өсімге жол ашылады.

Қызылорда. 18 қараша. Kazakhstan Today - Байқоӊыр қаласында 17 қарашада шаһар нысандарын Қазақстанныӊ газбен қамту жүйесіне қосуға арналған салтанатты шара өтті. Оған Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев және Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ басшысы Константин Бусыгин қатысты.

Осыған дейін сұйытылған газ пайдаланып келген Байқоӊыр қаласыныӊ тұрғындары үшін бұл - айтулы оқиға. Табиғи көгілдір отынға көшудіӊ артықшылықтары айқын - табиғи газды тұрмыста пайдалану әлдеқайда қолайлы әрі қауіпсіз, өзге отын түрлерімен салыстырғанда бағасы да айтарлықтай арзан. Қалаға табиғи газ берілуі - шағын және орта бизнесті дамытып, жаӊа жұмыс орындарын ашуға, яғни әлеуметтік-экономикалық өсімге жол ашылады.

Алғашқы 6 тұрғын үйден өзге, 6 мектеп пен 1 бала бақша көгілдір отын құбырына жалғанды. Газ автономды қазандықтарға да берілуде.

Байқоӊыр қаласын Қазақстанныӊ табиғи газына қосу үшін ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ өз қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымды толығымен салды. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбырынан "Байқоӊыр" автоматтандырылған газ тарату станциясына (АГТС) дейін ұзындығы 4 шақырымдық бұрма газ құбыры салынды. Ал АГТС-тен қалаға дейін ұзындығы 10 шақырым жеткізуші газ құбыры төселді. Қала ішіндегі құбырлардыӊ ұзындығы 33,5 шақырымнан асады. Қалада 20,6 мыӊ абонентті газ құбырына қосу жоспарланып отыр, бұл - 300 аса көппәтерлі үй.

Биыл маусым айында өткен "Байқоӊыр" кешені жөніндегі Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясыныӊ 5-ші отырысында, "ҚазТрансГаз" АҚ, Қызылорда облысыныӊ әкімдігі, Байқоӊыр қаласыныі әкімшілігі, "ЦЕНКИ" ФҰББ арасындағы ынтымақтастық арқасында қаланы газдандыру сызбасы бекітілді.

19 қазанда Астанада Байқоӊыр тарихында тұӊғыш рет "Газ шаруашылығы" қалалық біртұтас мекемесі, "ҚазТрансГаз" АҚ және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ арасында келісімге қол қойылды. Келісім негізінде қаладағы нысандар табиғи газ тұтына бастады.

Байқоӊыр қаласын газдандыруға арналған жұмыстар 2014 жылы бастау алды. Сол жылы қараша айында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбырынан "Байқоӊыр" автоматтандырылған газ тарату станциясына дейінгі бұрма газ құбырыныӊ құрылысы басталды.

Бұл нысан ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" жүзеге асырған "Қызылорда облысыныӊ 5 елді мекенін газдандыру" ауқымды инвестициялық жобасыныӊ аясында тұрғызылды.

Анықтама:

"Қызылорда облысыныӊ 5 елді мекенін газдандыру" инвестициялық жобасы 2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ арасында қол қойылған меморандум шеӊберінде жүзеге асырылды. Жоба аясында Байқоӊыр мен Арал қалалары және Шиелі, Жаӊақорған, Ийтеке би кенттерінде 5 АГТС пен көшеаралық газ құбырлары салынды. Осыныӊ арқасында өӊірдіӊ 200 мыӊға тарта тұрғыны табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Байқоӊыр қаласы жылына орта есеппен 1650 тонна сұйытылған газ пайдаланады, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны