01.08.2018, 10:30 5662

Бақытжан Наурызбеков Алматыныӊ Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалды

Жаӊа қызметінде ол өндіріс орындарыныӊ, сауда нысандарыныӊ және қызмет көрсету салаларыныӊ өзара үндестігіне, индустриялық - инновациялық дамудыӊ мемлекеттік бағдарламаларын, бизнестіӊ жол картасы-2020 және басқаларын жүзеге асыруға жауап береді.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда Кәсіпкерлік және индустриялық -инновациялық басқармасыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бүған дейін Медеу ауданы әкімініӊ орынбасары болып қызмет атқарған Бақытжан Наурызбеков бекітілді.

Жаӊа қызметінде ол өндіріс орындарыныӊ, сауда нысандарыныӊ және қызмет көрсету салаларыныӊ өзара үндестігіне, индустриялық - инновациялық дамудыӊ мемлекеттік бағдарламаларын, бизнестіӊ жол картасы-2020 және басқаларын жүзеге асыруға жауап береді. Бұл туралы Кәсіпкерлік және индустриялық -инновациялық басқармадан хабарлады.

Бақытжан Наурызбеков өзініӊ еӊбек жолын 2005 жылы Алматы қаласыныӊ Кәсіпкерлік және өндіріс Департаментініӊ маманы болып бастаған. Ир жылдары Кәсіпкерлік және өндіріс Департаментініӊ сауданы дамыту бөлімініӊ бастығы, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратыныӊ кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту бөлімініӊ басшысы, Медеу ауданы әкімі аппаратыныӊ кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту бөлімініӊ басшысы, Медеу ауданы әкімініӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Б.Наурызбековтыӊ алдына бірқатар міндеттер қойылды, олар: өнеркәсіп өнімініӊ көлемін арттыру, инвестиция тарту, сыртқы және ішкі тауар айналымын ұлғайту, ШОБ субьектілеріне қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар,инновациялық жобалар мен индустриялық аймақ жобаларын жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, өӊірді дамыту жоспарын тиімді орындауға, индустриялық - инновациялық даму бағдарламасыныӊ өнімділігін ұлғайтуға, жаӊа өндіріс, сауда, қызмет көрсету орындарын ашуға, базарларды Модернизациялау 2018 бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруға айрықша назар аударылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны