20.07.2017, 21:46 4409

Бақытжан Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіне енгізілген заманауи технологиялармен танысты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстікқазақстандық "Зенченко және К" көп бейінді аграрлық кәсіпорныныӊ жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары,сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.

Петропавловск. 20 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстікқазақстандық "Зенченко және К" көп бейінді аграрлық кәсіпорныныӊ жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары,сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.

Серіктестік директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауылшаруашылығында қолданылатын технологиялармен шығарылатын өнімдердіӊ түрлері туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығы құрылымыныӊ жалпы егіндік алқабы- 26,6 мыӊ га-ға жуық. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдар, картоп және мал азығы дақылдары егіледі. Бұдан өзге, мұнда мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндірумен де айналысады.

Серіктестікте өнімдердіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіпорынныӊ өнімділігін ұлғайту шаралары жүзеге асырылған. Өндірістік үдерістер автоматтандырылған, алдыӊғы қатарлы технологиялар енгізілуде, қажетті минералды тыӊайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолданылады.

Ауыл халқы үшін, соныӊ ішінде шаруашылықта еӊбек ететіндер үшін "Зенченко және К" ТС спорттыӊ әр түрімен айналысуға қажетті жабдықтары бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашқан.

Анықтама:

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздіӊ астық егетін негізгі өӊірлерініӊ бірі. ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығыныӊ үлесі - 25,2%, өнеркәсіп үлесі - 11,8%, құрылыс - 4,4%, сауда - 15,1%, көлік - 8,3%, ақпарат және байланыс - 0,9%, жылжымайтын мүлік операциялары - 12%, басқалары - 22,3% құрайды.

Облыстыӊ жүйе құрушы кәсіпорындары - "ПАМЗ" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, "С. М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "Мұнаймаш" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны