18.05.2018, 23:21 4075

Батыс Қазақстан облысында инвесторлар "Crown Batys" мал бордақылау кешенініӊ жұмысын қайта жандандырмақшы

Мал бордақылау кешені іске қосылғанда өӊірдіӊ экспорттық әлеуеті біршама артады деп күтілуде. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысы 1700 тоннадан астам сиыр етін, 550 тонна қой етін экспорттады. Биыл 2 мыӊ тонна сиыр еті мен 180 тонна қой етін шетелге жіберу жоспарланып отыр.

Орал. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумыныӊ алаӊында Батыс Қазақстан облысындағы мал бордақылау кешені мен ет комбинатыныӊ жұмысын қайта жандандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл кешенніӊ жұмысын қайта жандандыру жұмысын Ұлыбританияныӊ "Dunbia" компаниясы өз қолына алмақшы. Бұл жергілікті, ұлттық және халықаралық деӊгейде бөлшек және көтерме сауда желілеріне сиыр, қой және шошқа етін өндіріп жеткізу бойынша ет өӊдеу саласындағы жетекші компаниялардыӊ бірі.

Компания құрамына Ұлыбритания мен Ирландияныӊ 25 кәсіпорны кіреді. Олардыӊ иелігінде 1 млн астам ірі қара мал және 3 млн бас қой бар.

Меморандумға қол қою рәсіміне Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Алтай Кульгинов, Ұлыбританияныӊ "Dunbia" компаниясыныӊ құрылтайшысы Роберт Джон Добсон, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов пен "Қазақстанныӊ ет өндірушілері одағы" жеке кәсіпкерлер мен заӊды тұлғалардыӊ бірлестігініӊ бас директоры Мақсұт Бақтыбаев қатысты. Іс-шара ҚР АШМ-ніӊ қолдауымен өтті, деп хабарлайды БҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алтай Кульгиновтыӊ айтуынша, ауылшаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша өӊірдіӊ әлеуеті аса жоғары.

"Біз "Crown Batys" мал бордақылау кешенініӊ жұмысын қайта жандандырмақшымыз. Инвестор жобаға қаржысын салады, ал біз кәсіпорынды дамыту және ет пен ет өнімдерініӊ экспортына қол жеткізуге қажетті жағдарлардыӊ барлығын жасайтын боламыз", - деді Алтай Кульгинов.

Еске сала кетейік, 8600 бас ірі қара малға арналған "Crown Batys" ЖШС мал бордақылау алаӊы 2010 жылы Зеленов ауданыныӊ Янайкино кентінде ашылған болатын. Кәсіпорынныӊ құны 3, 5 миллиард теӊгеден асқан. Ұйымдастыру сипатындағы проблемаларға байланысты осыдан 2 жыл бұрын кәсіпорын малды сойысқа жіберуге мәжбүр болды.

Мал бордақылау кешені іске қосылғанда өӊірдіӊ экспорттық әлеуеті біршама артады деп күтілуде. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысы 1700 тоннадан астам сиыр етін, 550 тонна қой етін экспорттады. Биыл 2 мыӊ тонна сиыр еті мен 180 тонна қой етін шетелге жіберу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны