18.04.2018, 19:01 5230

Батыс Қазақстан облысында жылқы шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан, Ресей мен Қытайдыӊ ипполог мамандары Оралда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда ет және сүт бағытындағы жылқы түлігін өсірудіӊ жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Орал. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан, Ресей мен Қытайдыӊ ипполог мамандары Оралда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда ет және сүт бағытындағы жылқы түлігін өсірудіӊ жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ғалымдар қазіргі заманғы мал шаруашылығы саласында элиталық жылқы тұқымыныӊ генетикалық ресурстарынан айырыла бастау себептерін және ет және сүт бағытындағы асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамытуға субсидия бөлу қажеттігін талқылады. Батыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Игорь Стексов өз сөзінде жылқы шаруашылығын дамыту үшін ғылым мен озық технологияларды пайдалану қажеттігін атап өтті. Мұныӊ барлығы фермерлерге еӊбек өнімділігін арттыруға септігін тигізбек.

"Бүгінгі күні облыста 170 мыӊ бас жылқы түлігі бар. Оныӊ 80 мыӊы аналық түлік. Бұл барлық түліктіӊ 48%-ына теӊ. Республикалық бюджеттен жергілікті асыл тұқымды түлік өсіретін шаруашылықтарға субсидия ретінде 10 млн теӊге бөлінді", - деді әкімніӊ орынбасары.

Оныӊ айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы жылқы өсіруші фермерлер өз шаруашылықтарын жыл санап ұлғайтып, түлік санын арттыра түсуде. Облыс Көшім жылқы тұқымыныӊ отаны болып табылады. Өӊірде бүгінгі күні 10 мыӊ түлік саналған асыл тұқымды түлік өсіретін 20 шаруашылық бар.

Ресейлік мамандар жылқы шаруашылығын өсіруде мемлекеттіӊ қолдауы маӊызды рөл атқаратынын атап өтті. Жылқы өсіретін шаруашылықтар алатын субсидиялар көлемі әр өӊірде әртүрлі және салыстырмалы түрде төмен болып табылады, бірақ, ғалымдардыӊ айтуынша, бұл шығындардыӊ біраз бөлігін өтеуге жетеді.

Қазақстанда жайылымдар ауқымы ұланғайыр, төлдіӊ сапасы жоғары, сол себепті бұл саладағы ынтымақтастықтан қытайлықтар да мүдделі.

"Бізде спорттық бағыттағы жылқы өсіру басым. Біз үшін Қазақстан жылқы шаруашылығы бойынша ауқымды база болып табылады. Біз Қазақстаннан Көшім және Мұғалжар тұқымды жылқы түліктерін алғымыз келеді және сүт және ет өндірісін дамытудан мүдделіміз", - деді ҚХР Тарын университетініӊ профессоры Гымынгүл Мұқатайқызы.

Батыс Қазақстан облысында жыл сайын 11 мыӊ тонна жылқы еті өндіріледі, бұл жалпы ет өндірісініӊ 13%-ын құрайды. Фермерлер шамамен 200 бас жылқы төлін сатады, олардыӊ құны 350 мыӊнан 380 мыӊ теӊге аралығында, жылқы етініӊ бір келісініӊ бағасы 1000-1200 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны