16.11.2018, 19:25 4047

Биылғы жылы мемлекет басшысыныӊ төртінші әлеуметтік бастамасы аясында шағын несие бағдарламасын қаржыландыру көлемі 62,6 млрд. теӊгені құрады

Жалпы 2018 жылы 14 мыӊнан астам адам микрокредитпен қамтылады деп жоспарлануда (ауылда - 11 мыӊ, қалаларда - 3 мыӊ). Есептік кезеӊге 8 492 микрокредит берілді, оныӊ ішінде ауылдарда - 7 544, қалаларда 948 микрокредит.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ мәліметінше, биылғы жылы мемлекет басшысыныӊ төртінші әлеуметтік бастама аясында шағын несие бағдарламасын кеӊейту үшін 2018 жылы Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теӊгеге көбейтіліп, жалпы қаражат көлемі 62,6 млрд. теӊгені құрады.

Оныӊ ішінде ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд. теӊге, қалаларда 17,3 млрд. теӊге жұмсалатын болады.

Жалпы 2018 жылы 14 мыӊнан астам адам микрокредитпен қамтылады деп жоспарлануда (ауылда - 11 мыӊ, қалаларда - 3 мыӊ). Есептік кезеӊге 8 492 микрокредит берілді, оныӊ ішінде ауылдарда - 7 544, қалаларда 948 микрокредит.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мыӊ ауыл, шағын және моноқалалардыӊ тұрғындарын оқыту жоспарланған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 21,6 мыӊ адам немесе жоспардыӊ 72%-ы кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны