13.01.2017, 17:59 5794

"Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ныӊ жаӊа басқарма төрағасы болып Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды

Айта кетейік, Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктіӊ Ішкі аудит департаментініӊ директоры болып қызмет еткен.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеӊесініӊ шешімімен қордыӊ төрағасы болып Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"БЖЗҚ төрайымы болып бірауыздан Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды", - деді "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеӊесініӊ төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасыныӊ орынбасары Дина Ғалиева.

Айта кетейік, Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктіӊ Ішкі аудит департаментініӊ директоры болып қызмет еткен.

Нұрбибі Наурызбаева тағайындалуына қатысты пікір білдіре отырып, журналистерді, сарапшыларды, салымшылардыӊ өкілдерін, зейнеткерлерді және салымшыларды шақырып, қоғамдық кеӊес құратынын айтты.

"Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ныӊ жаӊа басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева қорды дамытуға қатысты жоспарын жария етті.

"Меніӊ жұмысымныӊ негізгі принципі - қордыӊ салымшылары мен зейнетақы алып отырған адамдардыӊ мүдделерін қорғап, қамқор болу",- дейді ол.

Жаӊа басшысыныӊ айтуынша, еӊ алдымен БЖЗҚ қызметініӊ ашықтығына қол жеткізіледі. Қордыӊ салымшылары мен зейнетақы алып отырған адамдармен арада тиімді ақпараттық және коммуникациялық байланыс орнамақ. Сонымен қатар, қордыӊ операциялық және қаржы-шаруашылық қызметініӊ ашықтығын арттыру үшін ақпараттық жұмыс жүргізіледі деп болжанып отыр.

Н.Наурызбаеваныӊ айтуынша, екінші басты міндет - қордыӊ ішкі жұмысын жақсарту, яғни БЖЗҚ ішіндегі бақылау жүйесін күшейту.

"Үшінші бағыт - акционерлермен, реттеушілермен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау бойынша жұмысты күшейту керек. Азаматтардыӊ оқуы, емделуі, үй алуы үшін жинағындағы қаржысыныӊ бір бөлігін алуға мүмкіндік беру, салымшыға басқарушы компанияны таӊдауға немесе өзініӊ зейнетақы жинағын басқару стратегиясын таӊдауға мүмкіндік беру сияқты бастамалар талқыланады",- деп жалғастырды Н.Наурызбаева.

"Осылайша, зейнетақы қорындағы меніӊ негізгі жұмысым - қордыӊ жұмысын жақсартып, халық сенімін арттыру", - деді Н.Наурызбаева.

Егер тиісті заӊнамаға өзгерістер енгізілсе, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарыныӊ бір бөлігін оқуға, емделуге немесе ипотека алуға жұмсай алады.

"Қазір бұл мәселе (зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу - агенттік) талқыланып жатыр. Ұлттық банк төрағасы да бұл мәселе туралы айтқан, яғни бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан, талқылап жатырмыз. Егер бұл заӊмен бекітілсе, зейнетақы қорыныӊ бір бөлігі еӊ керекті дүниелерге, емделуге, білім алуға немесе ипотека алуға беріледі. Қазіргі таӊда азаматтарға еӊ қажетті осы үш бағыт алынып отыр", - деді "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.

Оныӊ айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін зейнетақымен қамту туралы заӊға өзгерістер енгізу керек. Алайда қазір бұл мәселе тек талқыланып жатыр. Сондай-ақ, Н.Наурызбаева БЖЗҚ жанынан қоғамдық кеӊес құрылатындығын айтты. Ол кеӊеске журналистер, сарапшылар, зейнетақы салымын салып отырған адамдар мен зейнеткерлер мүше болады.

"Бүгін БЖЗҚ директордар кеӊесініӊ отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды. Біріншісі - ішкі бақылауды күшейту. Мұнда қордыӊ жеке қаражаты инвестицияларымен болған жағдай барлығына белгілі. Директорлар кеӊесіне қордыӊ ішкі бақылау жүйесі неге жұмыс істемегінін түсіну маӊызды. Кеӊесте осыған жауап беретін қор бөлімшелері басшылары тыӊдалды. Жеке активтерді инвестициялау үшін ішкі аудит қызметі бар. Қоғамды дүрліктірген мәміле неге директорлар кеӊесінде қаралғанын түсіндіреміз: көлемі бойынша ол қордыӊ жеке активтерініӊ 25 пайызынан аспады. Яғни, акционерлік қоғам туралы заӊға, БЖЗҚ жарғысына сәйкес директорлар кеӊесі қарауға жататын ірі мәміле осы көрсеткішке теӊ немесе одан асатын мәміле болып табылады", - деді ҰБ төрағасыныӊ орынбасары Дина Ғалиева. Ол директорлар кеӊесі БЖЗҚ басқармасына қолданыстағы құжатқа өзгерістер мен толықтырулар ензгізуді тапсырғанын атап өтті. Атап айтқанда, БЖЗҚ құрылымдық бөлімшелерініӊ іс-қимылын жетілдіруге бағытталған өзгерістер. Зейнетақы жинағы 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 6,64 трлн теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны