08.02.2018, 15:53 4945

"Бизнестіӊ жол картасы 2020" бірыӊғай бағдарламасына өзгерістер енгізілді

2017 жылы 2 287 жоба субсидияланып, төленген субсидия 36,13 млрд теӊгені құрады. 1 065 кәсіпкер 38 млрд теӊгеніӊ несиесі бойынша кепілдік алды (2016 жылмен салыстырғанда 112% артқан). Кепілдіктіӊ жалпы көлемі 15 млрд теӊге.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Үкіметтіӊ қаулысымен "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті дамыту мен қолдаудыӊ бірыӊғай бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мемлекеттіӊ қолдауына қол жеткізе алатын кәсіпкерлер санын арттырады деп жоспарланған.

Негізінен бизнестіӊ санаты, кәсіпкерлерге қойылатын талаптар мен қолдау құралдарыныӊ шарты бойынша өзгерістер енгізілген. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында және өӊірлердегі бизнесті дамытуға бюджет қаржысыныӊ жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Бағдарламадан ірі кәсіпкерлік субъектілері алынып тасталды.

Жаӊа редакция бойынша, бағдарламадан облыс пен қалалық әкімшіліктер жанында жұмыс істейтін Өӊірлік үйлестіру кеӊесі (ӨҮК) алынып тасталды. Енді шағын жобалардыӊ несиесіне субсидия беруде шешімді "Даму" Қоры қабылдайды. 180 млн теӊгеден аспайтын несиелерді Қор 5 жұмыс күні ішінде қарастырса, 180 млн теӊгеден астам несиелер бойынша шешімді бірыӊғай бағдарламаныӊ Өӊірлік үйлестірушісі 21 жұмыс күні ішінде қабылдайды. Кепілдендіру құралы бойынша қолданылып келген дәл осындай әдіс шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуде өте тиімді екенін көрсетті.

Кепілдікті тоқтату шарттарына қойылатын талаптар да жеӊілдеді. Ол бойынша енді несие 100% мақсатты түрде жұмсалмаған жағдайда ғана кепілдік беру тоқтайды.

Сондай-ақ, бір кәсіпкердіӊ қолына тиетін несие субсидиясыныӊ сомасына да өзгеріс енді. Ол 4,5 млрд теӊгеден 2,5 млрд теӊгеге дейін азайды. Дегенмен, несие мөлшерлемесін субсидиялау мерзімі бұрын үш жыл болса, қазір ұзартусызбез жылға өзгерді. Берілетін кепілдеменіӊ мерзіміне шек қойылмайтын болғандықтан, енді кепілдік мерзімі несие мерзімінен аспайды.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша сусбсидияланатын немесе кепілдік берілетін несиеніӊ тұрақты бекітілген максималды мөлшерлемесініӊ орнына өзгермелі мөлшерлеме енгізілді. Субсидия Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 пайызға ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлерлемесі бар несиелерге беріледі. Оныӊ 30-50 пайызынүкімет саласына қарай субсидиялайды, айырмасын кәсіпкер өзі төлейді. Кепілдік шарт бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы кесте бойынша, яғни ҚР ҰБ базалық ставкасы + 5% деп есептеледі.

Бюджетке төленетін салық көлемініӊ артуыменбайланыстырылатын тиімділік критериі де алынып тасталды. Енді Бірыӊғай бағдарламаға қатысу шартына сәйкес, кірісті арттыру мен жаӊа жұмыс орнын ашу талаптарына сай келсе болғаны. Бағдарламаныӊ бұрынғы редакциясында жоғарыда аталған талаптармен қатар, оӊ шешім алғаннан соӊ екі жыл өткен соӊ салық түсімін 10 пайызға арттыру да талап етілетін. Бұл - көп кәсіпкер үшін кедергі еді. Бір айта кетерлігі, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелерге тиімділік критериіталап етілмейді.

Қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алу бағытында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар да ыӊғайлы бола түсті. Бұл қызмет түрі жобаларды субсидиялауды және несиеге кепілдік беруді мақұлдау кезінде Бағдарламаныӊ шектеу қойылатын критерийлері тізімінен алынып тасталды.

2017 жылы 2 287 жоба субсидияланып, төленген субсидия 36,13 млрд теӊгені құрады. 1 065 кәсіпкер 38 млрд теӊгеніӊ несиесі бойынша кепілдік алды (2016 жылмен салыстырғанда 112% артқан). Кепілдіктіӊ жалпы көлемі 15 млрд теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны